Сырдария аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді
142
Ai-news.kz. Бүгін аудандық партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде Сырдария аудан әкімі Берік Сәрменбаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау жасады.
Қабылдауға тиісті сала басшылары қатысты.
Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, инфрақұрылымды дамыту бойынша сұрақтар қойылып, заң шеңберінде жауап қайтарылды.