Наурызнама-2024: Сыр мешіттері 514 отбасыға қуаныш сыйлады

684

Ai-news.kz. Сыр мешіттері 514 отбасыға қуаныш сыйлады. 

 

Осы жылы Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес белгіленген 15 наурыз - қайырымдылық күнінде Сыр мешіттері 514 отбасын қуантты деп жазды ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі. 

 

Мереке қарсаңында ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен “Ақмешіт-Сырдария” орталық мешітінде мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен 100 отбасыға “Рамазан қоржыны” таратты. Атап айтсақ, Арал аудандық орталық мешітінде 69, Қармақшы аудандық “Қармақшы ата” мешітінде 50, Шиелі аудандық орталық мешітте 40, Жаңақорған аудандық орталық мешітте 40 жанұяға көмек көрсетілді. Сонымен қатар Қазалы аудандық “Жанқожа батыр” мешіті мен жергілікті әкімдік бірлесіп 200 отбасыға 50 кг ұннан үлестірсе, Жалағаш аудандық “Иманқұл” мешіті 15 отбасыға азық-түлік қоржынын, 100 адамға су мен құрма таратты.

Қасиетті Рамазан айымен қатар келген ұлттық мерекенің құрметіне өткізілген қайырымдылық шаралары жалғасын табады.