Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті.

135

Ai-news.kz 2024 жылдың 1 қарашасы күні А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Е. Жаналиновтың қатысуымен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. 

Мәдениет үйінің фойесіне арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының  

қызмет алушыларының қолымен салынған фотогалерея және жаңа бизнес-идеяны іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грант алған азаматтардың ашқан кәсіптерінің бұйымдары қойылған көрме ұйымдастырылды.

Салтанатты шараны облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Е. Жаналинов ашып, әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, сала қызметкерлерін марапаттады.

Еңбек ардагері медалімен сала ардагері С. Махамбетов, «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен сала ардагері Ж. Жәкенов марапатталды.

Сонымен қатар әлеуметтік қорғау саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы, Облыс әкімінің Алғыс хаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Құрмет грамотасы, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының  «Әлеуметтік саланың үздігі» медалі, «Өз ісінің маманы» медалі, «Елеулі еңбегі үшін»  медалі табысталды. Мекемелер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арнайы номинацияларға ие болды.

Шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Жалпы аймағымызда 2000 нан астам әлеуметтік қызметкерлер жұмыс жасауда.

Оның ішінде 400 ден астам әлеуметтік қызметкер  мүгедектігі бар адамдарға, жалғызілікті қарттарға үйден қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтамасыз етуде. 

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді лицензиялау, сонымен қатар, әлеуметтік қызметтер көрсету ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыруы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.

Бұл инновациялар халықты әлеуметтік қорғауды жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылатын әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. 

Облыста өткен жылы ашылған «Еңбек мобильділігі орталығы» облыстың еңбек нарығын үйлестіруде. 

Сонымен қатар «Отбасын қолдау орталықтары» отбасыларға заңгерлік және психологиялық көмек көрсетуден бастап кәсіпкерлік негіздерге оқыту, бизнес-жоспар құруға, грант немесе шағын несие алуға жәрдемдеседі және мұқтаждығын зерделеп қайырымдылық жұмыстарды жүргізеді. 

Әлеуметтік қорғау саласына Үкіметтік емес ұйымдар да өз үлесін қосуда.  Биылғы жылы Үкіметтік емес ұйымдар арқылы  7 жоба іске асырылуда. Бұл жобалар 1,5 мыңнан аса азаматтарды қамтиды. 

Бүгінгі күнге өңірімізде 36 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды.  

5 мыңнан астам отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды.

20 мыңнан аса аз қамтылған, мүгедектігі бар адамдарға және жалғыз басты қарт адамдарға бюджеттен тыс көздерден қайырымдылық көмектер көрсетілді.

26 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық құралдармен қамтылды. 

Облыс әкімінің ұсынысымен биылғы жылы «Халық банк» акционерлік қоғамы тарапынан банктің жүз жылдығына арналған «100 игі іс» науқаны аясында Қызылорда және Байқоңыр қалаларына мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға әрқайсысының құны 23,0 млн теңге тұратын арнайы 2  инватакси көлігі сыйға тартылып, халық игілігіне қызмет көрсетуде.

Биылғы жылы алғаш рет облыс бойынша барлық санаттағы мүгедектігі бар адамдар мен балаларға әрқайсысына 3 айлық есептік көрсеткіш (11076 тг.) мөлшерінде бір реттік әлеуметтік көмек беруге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Республика күніне орай төленді.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы мен «Қазақстан халқына»  қоғамдық қорының бастамасымен «Үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» пилоттық жобасы Қызылорда облысында 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы базасында іске қосылды. 

Пилоттық жоба аясында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры тарапынан жетек арбалар, көп функционалды әмбебап кресло-арбалар және вертикализаторлар жеткізілді. 

100 жылдық тарихы бар сала бүгінгі күні халықтың әлеуметтік қамтылуын қамтамасыз ете отырып, қоғамымыздың тұрақтылығын сақтау мақсатында жұмыс жасауда.