Ұлытау облысында 223 миллион теңгені талан-таражға салу дерегі анықталды
4
Ai-news.kz Ұлытау облысының прокуратурасы 223 миллион теңге сомасына бюджет қаражатын талан-таражға салу дерегін анықтады.
Прокурорлар Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің (ТКШ бөлімі) қызметін тексерген.
"Тексеру нәтижесі бойынша Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғырту кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде талан-таражға салу дерегі анықталды.
Атап айтқанда, 2021 жылы ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғалары құрылыс жұмыстарын жоғары бағамен қабылдаған, бұл 223 миллион теңгеден аса мөлшерде бюджет қаражатын негізсіз артық төлеуге әкелген", - делінген хабарламада.