Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтілді

130
Ai-news.kz. Бүгін аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, “Сыбаға” базары, “Аль-Асад”, “Сырдария”, “Мирас” сауда үйлеріндегі және әлеуметтік дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізілді.
Алда келе жатқан  мерекелер қарсаңында бағаны негізсіз өсіруге жол берілмеу керек. Осы ретте, сауда желілеріндегі баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бақылау шаралары күшейтілді.