Қала тазалығы – әр азаматтың жауапкершілігі
308
Рейд барысында қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі мен қалалық полиция басқармасы қызметкерлері бірқатар көшелерде құрылыс материалдарының бейберекет шығарылу фактілерін анықтады.
Нәтижесінде, көшеге құм мен тастарды шығарып, қалалар мен елді мекендерді абаттандыру қағидаларын бұзған қала тұрғындарына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 821 және 822-баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды
Барша тұрғындарды өз ауласы мен көше тазалығын сақтауға, рұқсат етілмеген жерлерге құрылыс немесе тұрмыстық қалдықтарды шығармауға шақырамыз.
Қала – ортақ үйіміз! Тазалық әрбір азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігінен басталады.