Қызылордада күрделі жөндеу жумыстары қарқынды жүруде

244

Ai-news.kz. Қызылорда қаласында көпқабатты 815 үй бар. Олардың біршамасы күрделі жөндеуді қажет етеді. Аталған мәселені шешу үшін аймақ басшысының қолдауымен өткен жылы 11 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылса, биылғы жылы 18 көпқабатты үйге жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыстарға бір миллиард 926 миллион теңге бөлінді. Кешенді бағдарлама арқылы тұрғын үйдің инженерлік жүйелері жаңалануда. Сыртқы қасбеті әрленіп, шатыр мен подъезд іші жаңғыртылуда. Бұл жұмыстар тұрғындардың келісімі арқылы жүзеге асырылады.

Айта кету керек, күрделі жөндеу жұмыстары «Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттеріне кредиті» республикалық бюджеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда.

Қызылорда қалалық әкімдігі