Қалада ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

288
Ai-news.kz. Бүгін қаланың үш аймағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. 


Титов қыстағында өткен жәрмеңкеге Жалағаш ауданының шаруалары 60 көлікпен өнім әкелсе, Қазалы ауданының шаруалары «Шұғыла» мөлтек ауданында өткен жәрмеңкеде сегіз тонна күріш, 30 тонна картоп, үш тонна ет пен балық өнімдері, 10 тонна бақша, жеті тонна асқабақ, екі тонна сүт өнімдері, 11 тонна көкөніс пен жемістер, бір тонна "Қазалы"  кәмпиттерін ұсынды.


Келесі жәрмеңке Астана даңғылының бойында Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен өтті. Жаңақорғандық диқандар 25 жүк көлікке тиелген 130 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізді. 


Сыр диқандарының өнімдері халыққа нарық бағасынан төмен бағада ұсынылды.


Мемлекет басшысы халыкка Жолдауында жер – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудың басты кепіл ідеп  айтты.


Жер телімдерін қайтару жөніндегі арнайы комиссия әкімдіктердің ауыл шаруашылығы алқаптарын конкурс өткізбей-ақ беру туралы екі мыңнан астам заңсыз шешім қабылдағанын анықтады. Бұл мәселе қатысты екіұшты ұстаным болмауы қажет.

Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша  мемлекетке қайтарылуға тиіс. Ал, жерді пайдаланушы оған инвестиция салып, адал еңбек етіп жатса, жұмысқа бөгет жасамау керек. Сондай-ақ оның ауылды көркейтіп, тұрғындарға тұрақты жұмыс беріп отырғанын да ескерген жөн.

Көптеген меншік иесі өздері пайдасын көріп отырған жерден мыңдаған шақырым алыста тұрады, ондағы ауыл тұрғындарына қамқорлық жасау ойына кіріп те шықпайды. Бізге мұндай жер иелерінің қажеті жоқ. Үкімет пен Бас прокуратура оларға қатысты мәселені мықтап қолға алуға тиіс.  

Азаматтар, әсіресе, ауыл тұрғындары заңды түрде табысты жұмыс істеп, болашағының қамын өзі ойлауы  керек. Оларды осыған ынталандыру – мемлекеттің басты міндетінің бірі.

Былтыр "Ауыл аманаты" жобасы басталды. Жалпы нәтижесі жаман емес. Енді осы жоба аясында тағы бір жаңа тәсілді, яғни "тауар несиесін" беру мәселесін қарастыру қажет.

Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды.

Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет. Осындай жоба "Amanat" партиясының бастамасымен Жамбыл облысы Меркі ауданында жүзеге асырылды. Үкімет пен әкімдер бұл тәжірибені басқа да аймақтарға таратуды ойластыруы керек.

Жалпы, отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті. Ал олардың, яғни бизнестің және инвесторлардың заңды қызметіне кедергі жасау аса ауыр құқық бұзушылық деп саналуға тиіс. Демек ондай әрекетке жол бергендер тиісті жазасын алады. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін.

Ал кәсіпкерлер мен инвесторлар өз жұмысын адал жүргізіп, заңды сақтап, салық төлеуден жалтармауы керек.