ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА РУХАНИЯТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Ai-news.kz. «Руханият орталығы» ғимараттарының құрылысын бастау жоспарланған болатын.
Осыған сәйкес Қазалы ауданында «Руханият орталығы» ғимаратының құрылысы басталып кетті. Қазіргі таңда ғимараттың жер қазу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін мұнда музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарын біріктіріліп, типтік үлгідегі жаңа нысан аудан халқының игілігіне пайдалануға берілмек.
Руханият ғимараты 2 қабаттан тұрады. Ғимарат жалпы ауданы 3255,2 м2, құрылыс көлемі – 10805 м3, ғимаратты өлшемі – 49м х 24м.
Ғимараттың цокольді қабатында – музей және кітапхана мұрағаты, кабинеттер, анықтама бұрышы.
1 қабатта – жастар орталығы, мәжіліс залы, анаға кеңес беру бөлімшесі, неке залы, фойе, музей залы, салтанат залы, директор бөлмесі, қызметкерлер бөлмесі, тамбур, коридор және т.б
2 қабатта – мәжіліс залы, балалар алаңы, оқу залы, методикалық және библиографиялық бөлімдер, қызметкерлер бөлмесі, қабылдау бөлмесі, фойе және т.б
Айта кетейік, «Руханият орталығының» құрылыс жұмыстарымен «АСАР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі айналысуда.