Жарқын жобалар жетерлік

216

Фото: qorda.kzAi-news.kz. Қалаға қарасты елді мекендерде жарқын жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар жасалуда. Қажеттілігіне, мәселенің өзектілігіне қарай барлық ауылдық округтерде көшелер жөнделіп, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары кезең кезеңімен атқарылып келеді. Алда одан да ауқымды жұмыс бар.

 

Қызылөзек ауылдық округіне қарасты Қараөзек, Айнакөл және Қараөзек бекеті елді мекендерінде халық саны 3487 адамды, жер көлемі 77 796 гектарды құрайды.

 

1.Бюджет және салық базасын кеңейту бойынша:

 

2024 жылы ауылдық округтің бюджеті 255 миллион 068 мың теңгені құрады. Салық түсімдерінің жоспары 12 миллион 961 мың теңгеге бекітіліп, 2024 жылдың 9 айында 12 миллион 067 мың теңге түсім түсіп, жылдық жоспар 93,1 пайызға орындалды. 

 

2.Инфрақұрылымды дамыту бойынша:

 

Үстіміздегі жылы инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында 2024-2025 жылдарға өтпелі кезеңмен (переходящий) бір миллиард 655 миллион теңгені құрайтын жобалар жүзеге асырылуда. 

 

Олардың бірі, ауыл тұрғындарының ең өзекті болып келген мәселесінің бірі ауылдық округке қарасты үш елді мекендегі электр желілерін қайта жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Бұл жұмысты бастауға алғашқы 85,216 миллион теңге қаражаты бөлініп, соған сәйкес жаңадан бір дана КТПН орнатылып, 3,0 шақырым ВЛ-10 кВ заманауи СИП (өзін көтеруші оқшауланған сым) электр желісі жүргізілді. Өткен жылы 6,067 миллион теңге қаражатқа әзірленген жоба-сметалық құжаттары бойынша жобаның жалпы құны: бір миллиард 192 миллион теңгені құрайды. Алдағы уақытта республикалық және облыстық бюджеттерден қалған қаржысы бөлінеді деп күтілуде. 

 

Одан бөлек, құны 452,114 миллион теңге, ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын үш көшеге жол құрылысы салынуда. Бұл жұмыстарды бастауға бастапқы 134,0 миллион теңге бөлініп, мердігер мекемелер тарапынан бөлінген қаражатқа сәйкес жұмыстар атқарылып, қалған қаражатының бөлінуі күтілуде. (Абай Құнанбаев, Қараөзек бекеті - төрт көшелері, М.Жабағыұлы тұйығы).

 

Елді мекен көшелеріне түнгі жарық бағаналарын орнату мақсатында, бюджеттен қаралған төрт миллион 866 мың теңге қаражатқа Абай Құнанбаев көшесіне түнгі жарық бағаналары орнатылуда. Сонымен қатар, елді мекендегі көшелердің түнгі жарық бағаналарын (507 бағана) күтіп ұстау жұмыстарына 14 миллион 783 мың теңге қаражат қаралды. 

 

Сол сияқты, жергілікті бюджеттен қаралған 5,0 миллион теңге қаражатқа «Арғын» көшесінен «жаттығу алаңының» құрылысы салынуда. 

 

Ауылдағы өзекті мәселенің бірі – Қараөзек ауылына кіре берістегі «Қожақ» автомобиль көпірі болатын. Өткен жылы бюджеттен қаралған бес миллион 538 мың теңгеге көпірді күрделі жөндеу жұмысына жоба-сметалық құжаттары әзірленген болатын. Ендігі ретте, жоба мемлекеттік сараптамадан өткізілуде (Мердігер «CRB Construction»ЖШС, аяқталу мерзімі 7-8 қараша). Сараптама қорытындысымен күрделі жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат көлемі анықталған соң, қаржыландыру жөнінде республикалық бюджетке ұсыныс берілетін болады. 

 

Үстіміздегі жылдың тамыз айында ауылдық округке қарасты үш елді мекенді ілеспе газбен қамту жұмысының жоба сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша қалалық құрылыс бөлімі мен мердігер «Дос Строй Проект» ЖШС мекемесі арасында мердігерлік шарт жасалып, қазіргі таңда топографиялық түсірім жұмыстары жасалуда. Жобаны әзірлеу құны - 23,2 миллион теңге, бөлінген қаражат - 500 мың теңге. 

 

Қараөзек елді мекеніне аяқ су жеткізу мақсатында «ДСУ» учаскесіне электр желісі жеткізіліп, ауыл әкімі аппаратының меншігіндегі жаңа СНПЭ-500/10 электр насостық қондырғысы арқылы Қараөзек елді мекеніне аяқ су тұрақты берілді.

 

Сонымен қатар, «Орталық» канал бойында орналасқан, Қараөзек ауылының көшелеріне аяқ су таратып отырған екі дана электр насостардың тозуына байланысты, қуаты 18,5 кВт болатын бір дана үлкен және үш кВт болатын бір дана шағын электр насостық қондырғы сатып алу жоспарланып, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Бұл қондырғыларды сатып алуға жергілікті бюджеттен бір миллион 720 мың теңге қаражат қаралып отыр.

Осы жұмыстармен қатар, Ибраев Марат “қажының” ұйымдастыруымен, ауылдан шыққан азаматтардың демеушілігімен Қараөзек бекетінен “Мәңгілік даңқ мемориалы” құрылысы салынып, “9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні” мерекесінде ашылу салтанаты болып өтті.

 

3.Кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша: 

 

Ауылдық округ бойынша барлығы 184 кәсіпкерлік нысан жұмыс жасайды. (ЖШС -1, шаруа қожалықтар - 30, АӨК - 4, жеке кәсіпкерлер -149). Жыл басынан жаңадан он бір кәсіпкерлік нысан тіркеліп отыр.  

 

«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде «Микробизнес-Қызылорда» несие ұйымы арқылы төрт кәсіпкер «Іскер бағдарламасымен 21,0 миллион теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы арқылы бір кәсіпкер 5,0 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, есепті мерзімде барлығы біс азаматтың 26,0 миллион теңге жобасы қолдау тапты.

 

Сонымен қатар, жуырда төрт ауыл тұрғыны – бес миллион 920 мың теңге қайтарымсыз грант иеленіп, өз кәсібін бастауда.

 

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылы бес кәсіпкер 5,0 миллион теңге несие алып нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер цехын ашқан болса, 2024 жылы жалпы құны 48 миллион 500 мың теңгеге бағаланған бес жоба ұсынылып, есепті мерзімде құны 36 миллион 500 мың теңгені құрайтын екі жоба қаржыландырылып отыр. Оның ішінде: 7,0 миллион теңгелік бір жоба пенобетон өндірісімен айналысуға, 29 миллион 500 мың теңгелік бір жоба асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытып, ауыл-қала халқын ет-сүт өнімдерімен қамтуға бағытталып отыр. Жыл соңына дейін 12,0 миллион теңгені құрайтын қалған үш жоба да қолдау табады деп күтілуде.

 

4. Ауылшаруашылығы бойынша:

 

Үстіміздегі жылы 476 гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдары, 40 гектар жерге жоңышқа егілді (109 гектра картоп, 187 гектар көкөніс, 180 гектар бақша дақылдары).

 

Мал басы 10 291 басты құрап, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 40 басқа артып отыр. Оның ішінде. мүйізді ірі қара 895 басқа кемісе, қой-ешкі бір басқа, жылқы 757 басқа, түйе 91 басқа, құс 86-ға артып отыр. Тұрғындар сиыр малын азайтып, шығынды аса қажет етпейтін жылқы және түйе малын көптеп өсіруде. 

 

5.Әлеуметтік сала. Жұмыспен қамту бойынша:

Ауылдық округте экономикалық белсенді халық саны 1744 адамды құрайды. Оның ішінде, жұмыс жасайтындар 1117 адам болса, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған 598 адам бар.

 

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру арқылы, 26 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа жіберілсе, екі азамат «Күміс жас» бағдарламасымен, екі азамат «Жастар тәжірибесімен» қамтылды. 25 азамат тұрақты жұмысқа орналасып, жұмыссыздар саны 29 адамды (1,7 пайыз) құрады.  

 

Есепті мерзімде мемлекет тарапынан 22 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 52 отбасына азық-түліктей және басқа да қолдау шаралары ұйымдастырылды.   

 

6. Білім саласы бойынша:

 

Ауылдық округтегі үш орта мектепте барлығы 604 оқушы білім алуда. Сонымен қатар, №39 мектеп жанындағы шағын орталықта 45 бала тәрбиеленуде. 62 балаға арнайы автобуспен тасымал қызметі көрсетілуде. Жаз маусымында 80 бала күндізгі лагермен қамтылса, 123 оқушыға жазғы тынығу лагерлеріне жолдама берілді.

 

Есепті жылы мектеп бітірген 39 түлектің 34-і ҰБТ-ға қатысып, екі түлек «Алтын белгіге», үш бітіруші «Үздік аттестатқа» ие болды. Отыз үш бітіруші мемлекеттік грантпен жоғары және арнаулы оқу орындарына қабылданды. 

 

7. Мәдениет саласы бойынша:

 

Ауылдық округте бір ауылдық клуб және бір кітапхана жұмыс жасайды. Ауылдық клубта сегіз үйірме ұйымдастырылған. 2024 жыл көлемінде 120 мәдени көпшілік шара өткізу жоспарланып, ағымдағы жылдың тоғыз айында сексен үш іс - шара өткізілді. Ауылдық кітапханада 13 433 кітап қоры, 690 оқырманы бар.

 

8. Денсаулық сақтау саласы бойынша:

 

Ауылдық округтегі дәрігерлік амбулатория және екі медициналық пунктте екі дәрігер және 10 медицина қызметкері тұрғындарға қызмет көрсетеді. Мүгедектер саны 83 адамды құрайды. Жыл басынан 37 бала туылып, 13 азамат қайтыс болды. 

 

9. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша:

2024 жыл басынан бері ауылдық округ аумағында екі қылмыс оқиғасы орын алып, екеуіде ашылды. Әртүрлі құқық бұзушылықтар бойынша 110 азаматқа хаттама толтырылып, әкімшілік жазаға тартылды.

 

10. Үкіметтік емес ұйымдар:

 

Қараөзек ауылында «Қараөзек» мешіті, «Ардагерлер кеңесі», «Әйелдер кеңесі» және құрамында он бір мүшесі бар «Жергілікті қоғамдастық жиыны» қоғамдық негізде жұмыс жасайды. 

 

Жалпы ауылдық округте қоғамдық-саяси ахуал тұрақты деп бағаланады.

 

Алдағы міндеттер:

 

- Айнакөл-1 көшесіне жол құрылысын салу бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылып, қаржы бөлінуі күтілуде. (Жоба құны – 89,569 миллион теңге).

 

-ЖСҚ әзірленген екі көшеге күрделі жөндеу жүргізу бойынша да облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылып, қаржы бөлінуі күтілуде. (Жоба құны – 325,954 миллион теңге) (Д.Сариев, Ж.Жабаев көшелері).

 

-Сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарламаларға ауыл тұрғындарын қатыстырып, ұсынған жобаларын қаржыландыруға ықпал жасау, елді мекендердің санитарлық тазалығы, көркейту – көгалдандыру жұмыстарын үнемі назарда ұстап, аталған жұмыстарды жалғастыру. 

 

Қызылорда қалалық әкімдігі