Белкөл кентінде инфрақұрылым мен кәсіпкерлік қарқынды дамуда

186

Ai-news.kz. Белкөл кентінің әкімі Жасұлан Сәду бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстарды баяндады.

 

Әкімнің айтуынша, абаттандыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асқан. Атап айтқанда, тұрғындардың сұранысына сәйкес №1, №11 және №12 көпқабатты үйлердің ауласына асфальт жол төселіп, автотұрақ салынды. Сондай-ақ, осы үш үйдің шатырлары жөндеуден өтті.

Бұдан бөлек, кенттегі сегіз көшеде күрделі жол жөндеу жұмыстары басталып, жеті көшеге түнгі жарық шамдары орнатылуда. Сонымен қатар, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автожолы бойындағы «Лиза» бейіті қоршалды.

 

Кәсіпкерлік саласы да дамып келеді. Қазіргі таңда кентте 464 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Жыл басынан бері жаңадан 79 кәсіпкерлік нысаны тіркеліп, 81 тұрақты жұмыс орны ашылды.

 

Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жергілікті тұрғындар да қолдауға ие болуда.

          •         «Бизнес-Бастау» бағдарламасы аясында алты тұрғын жалпы көлемі 9,4 миллион теңгенің қайтарымсыз грантын алды.

          •         «Ауыл аманаты» жобасы аясында 24,6 миллион теңгені құрайтын үш жоба қаржыландырылды.

          •         Бұған қоса, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы 284,8 миллион теңгеге он бір жоба мақұлданып, іске асырылуда.

 

Кент әкімі Жасұлан Хабидуллаұлының айтуынша, алдағы уақытта да Белкөлде тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жаңа жобалар жүзеге асатын болады.