Түркістан облысында қыз ұзату кезінде жүргізушілер кортеждің алдына шығу үшін бірін-бірі соққан
Ai-news.kz Түркістан облысында той кортежін ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция Түркістан облысындағы бірнеше автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны туралы бейнежазбаны анықтады.
Оқиға Сауран ауданында қыз ұзату тойы кезінде болған. Mercedes-benz, Toyotar және Nexia 5 автокөліктің жүргізушілері анықталды. Көрсетілген көлік құралдары айыптұрағына қойылды.
Құқықбұзушылар апатты жағдай жасағаны, жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ көлік құралдарына зақым келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция заң баршаға ортақ екенін ескертеді және жүргізушілер мен басқа жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.





