Жаңақорған ауданының екі ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды
Аймақ басшысы жиналған қауымды Жаңа жылмен құттықтап, жаңа нысандардың ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.
«Жаңа жыл халқымыз үшін берекелі жыл болсын! Әр шаңырақ шаттыққа, қуанышқа толсын!Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Отандық медицинада емдеудің инновациялық әдістері енгізіліп, онкологиялық қызметті кешенді жаңғырту жұмыстары басталды. Сала қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау туралы заң қабылданды. Бұл – аталған мамандықтың мәртебесін арттыруға бағытталған қадам. Осы және басқа да жүйелі шаралардың нәтижесінде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалып отыр» деп бұл саланың айрықша маңызға ие екенін айтты. Өткен жылы облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 146 млрд. 200 млн. теңгеге жетті.
Осы игі істердің жалғасы ретінде бүгін Әбдіғаппар, «Бесарық» ауылдарындағы амбулаторияларды пайдалануға береміз. Халқымыз «Тәні саудың – жаны сау» деген. Бүгін іске қосылған жаңа нысандар бастапқы медициналық қызмет көрсетуге маманданған үздік мекемеге айналып, ақ халатты абзал жандар халық алғысына бөлене берсін!»,-деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Жиында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жиналған жұртшылықты құттықтады,
ел ағасы Бақыт Нұртазаев бата беріп, ауданның өсіп-өркендеуі жолында еңбек еткен ардагерлер мен құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
«Қан орталығы» салынып, ел игілігіне қызмет етуде. Ана мен бала өмірін қорғау мақсатында көпбейінді облыстық аурухана базасында жаңа МРТ аппараты іске қосылып, 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды. Облыс орталығында емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың, Арал ауданы «Сексеуіл» кентінде 40 төсек-орынға арналған ауылдық аурухананың құрылысы жүргізілуде. Халықтың сұранысына сәйкес 45 жедел жәрдем көлігі алынып, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы
100 пайыз қамтамасыз етілді. Соңғы 2 жылда барлық елді мекендегі денсаулық сақтау ұйымдарына 225 санитарлық автокөлік табысталды.
Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» орталығы ашылып, қажетті дәрі-дәрмек алынды. Қор облыстық онкология орталығын скрининг жүргізуге арналған жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етті. Мұндай кешен еліміздің 3 өңірінде ғана бар. Бүгінде шалғай елді мекендердегі тұрғындарға тұрақты қызмет етуде.