Қызылорда облысында мұғалім педофил болып шықты

1

Ai-news.kz  Облыстық полиция департаментінің өкілдері мұғалім ұсталғанын хабарлады.


EGOV.PRESS Telegram-арнасында Қызылорда облысындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру мұғалімі оқушыға заңға қайшы әрекет жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат жарияланды.


Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 124-бабы (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша дерек жария етілмейді", - делінген облыстық полиция департаменті хабарламасында.