Тәртіппен пен талап ортақ
Ai-news.kz.Аймақ басшысының тапсырмасымен құрылған жұмысшы топтың рейдтік шарасы бүгін дарияның сол жағалауында жалғасты. Тексеруде абаттандыру қағидаларын бұзған, заңсыз салынған құрылыстар бойынша кәсіп иелері жауапкершілікке тартылды.
Кез келген құрылыс, тіпті жеке меншік аумақта жүргізілсе де, заң аясында жүзеге асырылуы тиіс. Құрылыс нормаларын бұзу адамдардың өміріне нақты қауіп төндіруі мүмкін. Осыған байланысты облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы бойынша Қызылордада заңсыз құрылыстарды анықтау және тоқтату бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Аймақта жыл сайын жаңа нысандар саны артып келеді. Алайда барлығы бірдей құрылыс нормалары мен қауіпсіздік техникасын сақтай бермейді. Арнайы жұмыс тобы бұзушылықтарды анықтау бойынша рейд жүргізді.
Бұл ретте айту керек, сол жағалау шағын ауданының 136, 147, 179 мекенжай қожайындары құрылыс қалдықтары мен құрылыс заттарын өздерінің жер аумағынан тысқары төгіп, төңіректі ластаған. Заң талабына сәйкес, құрылыс қалдықтары қоршауға алынбаған. Нысан иелеріне заң бұзушылықтар бойынша хаттамалар рәсімделді.





