Қызылорда облысының қалдықтарды өңдеу тәжірибесі басқа өңірлерге таратылмақ

4

Фото: astana-akshamy.kzAi-news.kz Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі қаралды.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалдықтарды қайта өңдеу жобаларын іске асыру барысын баяндады.

«Облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеумен 18 кәсіпкерлік субъектісі айналысады. Өткен жылы 166 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтың 45,7 мың тоннасы немесе 27,5 %-ы өңделді. Былтыр облыстық бюджеттен бөлінген 1 млрд 700 млн теңгеге қалдықтарды жинау, тасымалдау жұмыстарын атқаратын 49 арнайы техника алынды. Мемлекет басшысының ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар салу тапсырмасына сәйкес, алдағы 2 жылда құны 36 млрд. 400 млн теңгені құрайтын 9 жобаны іске асырамыз. Аталған жобалар аясында өңірдің барлық аудандары мен Қызылорда қаласы толық қамтылады. Бүгінде инвесторлар анықталды», – деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласындағы 8 жоба «Жасыл даму» акционерлік қоғамының қаржыландыру механизмі арқылы іске асырылады, 1 жобаға облыстық бюджеттен 475 млн теңге қаралды.

Нұрлыбек Машбекұлы жобалар толық жүзеге асқанда 498 тұрақты жұмыс орны ашылатынын, жылына 380 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық сұрыптау және қайта өңдеуден өтетінін айтты. Одан құрылысқа қажетті брусчатка, кәріз люктері, қағаз, пластик және шыны шығарылады.

Қазір Қызылорда қаласында құны 33 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба жүзеге асырылуда. Оның бірі – қолданыстағы полигонды жаңғырту жобасы. Қалдықтарды ұсақтау және өртеу қондырғылары, 32 арнайы техника (мусоровоз, экскаватор, жүк тиегіш, жүк тасымалдаушы, өрт сөндіру, суару автокөліктері), 3 мың евроконтейнер алынып, медициналық және құрылыс қалдықтары кәдеге жаратылатын болады. Осылайша полигонның қалдық қабылдау қуаттылығы 60 мың тоннадан 210 мың тоннаға ұлғаяды.

Бұдан бөлек, шыны ыдыстар өндіруде 1 жоба іске асырылады, жоба құны – 29 млрд.теңге, қуаттылығы – жылына 220 млн шыны ыдыс. Зауытқа шикізат ретінде жиналған шыны қалдықтары қолданылады.

Үкімет басшысы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне Қызылорда облысының тәжірибесін басқа өңірлерге енгізуді тапсырды.

«Жобалардың барлығын аяғына дейін жеткізу қажет. Ерлан Нұралыұлы, Қызылорда облысының оң тәжірибесін басқа өңірлерге тарату керек», – деді Премьер-министр.

Жиырма бірінші ғасырдың әлем алдында тұрған ең күрделі мәселесі – қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) жайы. Дүниежүзіндегі әр тұрғын шамамен жылына 300 кг жуық қоқыс шығарады екен. Бұған зауыттар мен фабрикалар секілді ірі өнеркәсіптерден бастап, қоғамдық тамақтану орындары мен коммерциялық нысандарды қоссаңыз, тау болып үйілген қоқыс полигондарын көз алдыңызға елестете беріңіз.

Елімізде жыл сайын 5 мил¬лион тоннадан аса тұрмыстық қал¬дық-тар жиналып, оның ішінде қағаз, кар¬тон өнімдері, металл, плас-тик, тамақ қал¬дық¬тары, ағаш өнімдері, шыны сынықтары сияқ¬ты қалдықтардан өзге қоршаған ортаға зиянды әрі адам өміріне қауіпті батарея¬лар, электр құралдары, тұрмыстық техника, бояғыштар, медициналық қалдықтар, пестицидтер, тыңайтқыштар, химиялық заттар мен құрамында сынабы бар басқа да заттар суға, топыраққа және ауаның ластануына аса жоғары әсерін тигізеді. Бұдан бөлек, түрлі буып-түю секілді заттың сыртқы орама қаптары да осы қоқыстардың қатарында. Сон-дықтан қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып тұрған жайы бар.

Бұл ретте 2025 жылға қарай қатты тұр¬мы¬с¬¬тық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 34%-ға дейін жеткізу мемлекет алдында тұр¬ған нақты міндеттердің біріне айналып отыр. Аталған мәселені шешу үшін эко¬логиялық қаупін азайтуға мүмкіндік бере¬тін технологиялық және экономикалық сая¬сатты талдап, әлемдік тәжірибедегі оның даму тенденцияларын ескеруді және өзі¬міз¬дің әрекетімізге қарай бейімдеуді қажет етеді. Егер Еуропаның Германия, Аустрия, Швеция және Нидерланд сияқты алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіндегі негізгі үш бағытқа сүйенсек, аталған өнімнің құн¬ды компоненттерін қайталама шикізат ре¬тін¬де қолдануға және қайта өңдеуге ба¬сымдық беруге болады. Өйткені адам ең¬бе¬гі¬¬мен жасалынған көптеген өнім бір рет қолданғаннан кейін, мәселен, қағаз қал¬дықтары, консервіленген және алюмин құтылары, пластмасса мен шыны бөтел¬ке¬лер¬ді қайталама энергетикалық ресурстар ретінде пайдаланып, кейін залалсыздандыруды керек етеді. Бұның бәрі белгіленген табиғатты қорғау нормалары мен ережелерге сәй¬кес қалдықтарды полигонға жеткізеді. Нәтижесінде, біріншіден, қалдықтың 40-65%-ы қайталама материалдық ресурстар ретінде қолданылса, екіншіден, 25-35%-ы энергияны кәдеге жарату арқылы жағылып, оның 20% - дан азы көміледі екен. Осылайша, бұл мәселе қайталама материалдық пайдалану арқылы шешілді деуге болады. Яғни ҚТҚ-ның кем дегенде 50%-ы қайталама материал ретінде іске асырылды деген сөз.

 Мұндай көрсеткіш біздің елімізде нөлге тең. Бұл мәселені шешудің, өкінішке қарай, ғылыми негізделген стратегиясы жоқ. Еуро¬пବның алдыңғы қатарлы елдерінде қатты тұр¬мыс¬тық қалдықтармен жұмыс істеу дең¬гейі жоғары және олардың бір-бірімен араласып кетпеуін қатаң қадағалайды. Мәселен, батареялар, термометрлер, манометрлер, сынап шамдары мен бояғыш қалдықтарының өз жолы мен өңдеу әдістері бар. Ал бізде әлі күнге қалдықтар сұрыпталмайды, барлығы бір үйіндіге жиналады. Бұл ретте халық ара¬сында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тір¬шілік ету ортасының сапасына жауап¬кер¬ші¬лікпен қарауды, қоқыстың бөлек жиналу ма¬ңыздылығы мен қажеттілігін, халықтың эко¬логиялық санасын, қоғамдық пікірін қа¬лыптастыру мен сұрыптау ережелерін түсіндіру керек.

Дамыған елдердің тәжірибесінде, қоқыс¬ты қайта өңдеу тек энергия көзі ғана болып қо鬬май, сонымен қатар қосымша ресурстар өндіре алады. Осылайша, «Apple» компаниясы 2015 жылы «trade in» (ескі құрылғыларды жа¬ңаларына айыр¬бастау) есебінен бір тон¬на¬ға ¬жуық ал¬тын және тағы үш тоннаға жуық күміс өндірген.

 Елдегі ҚТҚ өңдеу үлесіне көз жүгіртсек, рес¬публикалық маңызы бар 3 қалаға (Астана, Алматы, Шымкент қалалары) және 4 өнер-кә¬сіп¬тік өңірге (Қарағанды, Павлодар, Атырау мен Маңғыстау облыстары) қоқыс өңдеудің деңгейі 38%-дан жоғары, қалған өңірлерде 15%-дан аспай отыр.

«Бү¬гінгі таңда елімізде қатты тұр¬мыс¬тық қалдықтардың 3 005 полигоны бар, оның ішінде экологиялық және сани¬тар¬лық нор-маларға сәйкес келетіні тек – 635 поли¬гон. Бұл жерлерде 125 млн тонна қатты-тұр¬мыстық және қауіпті қалдықтар ж謬нақ¬талған. Оларды қайта өңдеу де, жою да мүмкін емес, өйткені аймақтарда қо¬қы¬с¬ты қайта өңдеу инфрақұрылымы әлі де дұрыс жолға қойылмаған. Жыл са¬йын өткізілетін ғарыштық мониторингтің нәти-же¬сінде мыңдаған заңсыз полигон анықталады. Тау болып үйіліп жатқан қоқыстың экологияға зияндылығын азайту мақсатында әлем елдерінің ҚТҚ өңдеу бойынша түрлі әдісін ендіру тығырықтан шыға¬ратын бірден-бір жол. Әлемдік тәжіри¬беде қоқыстарды өңдеудің дамыған әрі кеңінен таралған әдісі – өртеу. Бұл – қоқыстарды жағу және жалпы электр желісіне сатылатын электр энергиясын өндіру механизмі. Қалдықтарды өртемес бұрын олар алдын ала сұрыпталады, бұл әдістің артық¬шы¬лығы қоқыс үйінділерін он есеге азай¬туға болады», дейді сарапшы Ерлан Каримов.

Бүгінде әлем бойынша 2 мыңға жуық қоқыс жағу зауыты бар, олардың көпшілігі ЕО, АҚШ және Жапония елдерінде орна¬лас¬қан.

Сарапшы қоқыс жағу зауыттарында қо묬данылатын заманауи технологиялар бар¬лық қауіпті шығарындыларды ұстап қалу¬ға мүмкіндік беріп, қоқысты жағу ар¬қылы электр және жылу энергиясы өнді¬ріле¬тін¬ін, бұл жергілікті халықты жеңіл¬де¬тілген та¬-рифпен қамтамасыз етуге, ал қал¬ған¬да¬рын жол құрылысына пайдалануға бола¬тынын жеткізді.

Мәселен, Жапонияда аралды кеңейту және әуежайлар сияқты ірі нысандарды, тіпті Осака қаласындағы EXPO-2025 нысандарын салу үшін қождан (шлак) брикеттер шығарылады. Швеция өз зауыттарының жұ¬мы¬сын қамтамасыз ету үшін көрші елдерден қоқыс импорттауға мәжбүр. Аустрия¬да жер¬гілікті тұрғындар қоқыс жағу зауыт¬та¬ры¬¬ның жанынан тұрғын үй сатып алуға ты¬ры¬сады, өйткені үй жеңілдетілген негізде жылу мен электрмен қамтамасыз етіледі. Германияда Ганновер қоқыс электр стансасы (EEW Energy from Waste) 280 мың тонна қал¬дықтарды жағып, 53 мың үй шаруа¬шы¬лы¬ғын электрмен қамтамасыз ету үшін 170 000 МВт*сағ электр энергиясын өндіреді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды азайту, сондай-ақ тапшы электр энергиясын өндіру мақсатында еліміздің бірқатар өңірінде заманауи қоқыс жағу зауыттарының құрылысы қолға алынып, қазірдің өзінде 6 қоқыс жағу зауытын салу жоспарланған. Бұл қоқыс өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартуға және ҚТҚ өңдеу арқылы табыс табуға ниеттенген жеке компаниялардың санын арттырады деген үміт бар.

Қатты тұрмыстық қалдықтар нарығын да¬мы¬туды ынталандыру мақсатында Бәсеке¬лес¬¬тікті қорғау және дамыту агент¬тігі, Эко¬ло¬гия және табиғи ресурстар ми¬нистр¬лігімен бірлесіп іс-шаралар жоспарын бе¬кіт¬кен еді. Реформа шеңберінде тариф¬тік реттеу қағидалары қайта қаралап, нарыққа қаты¬¬сушыларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту, шарттар жасасу мерзімдерін рег¬ла-менттеу және жергілікті атқарушы орган¬дардың ве¬дом¬стволық бағынысты ұйым¬да¬рының ҚТҚ на¬ры¬ғына қатысуын қысқарту жос-парланып отыр. Бұл өз кезегінде бизнес¬тің бәсекелестік орта¬да жұмыс істеуіне мүм¬кін¬дік туғызады.