Қызылордада екі азаматқа бүйрек трансплантациясы жасалды
Ai-news.kz Екі күн бойы Көпбейінді облыстық ауруханада 46 және 49 жастағы екі әйелге күрделі ота жасалды. Олардың біріне туған бауыры, енді біріне жұбайы донор болған.
Екеуіде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауырған жандар, бірі жасанды бүйрек аппаратымен үш жылға жуық ем алып жүрген.
Отаға Көпбейінді облыстық аурухананың директоры, PhD доктор, трансплатолог Жасұлан Баймаханов, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімшесінің басшысы Мададов Ислам Курбанович, аталған орталықтың Операциялық блок меңгерушісі, уролог-трансплантолог Ернұр Белгибаев, Бүйрек трансплантациясы, урология және нефрология бөлімінің уролог дәрігері, екінші санатты хирург дәрігер Ельшад Набиев, Анестезиолог-реаниматолог Ілесбекұлы Көлбай және басқа да білікті мамандар қатысты. Екі ота да сәтті өтті. Әрі білікті мамандар тәжірибесімен барлық еліміздің дәрігерлеріне 18 және 19 наурыз күндері онлайн «Бүйрек Трансплантация» атты шеберлік сағатында бөлісті.
Тәжірибелі трансплатация мамандары біздің облыста күрделі отаның бұл түрінің дамып жатқанына ризашылықтарын білдірді. Одан әрі жалғастыру үшін дәрігерлер өзара тәжірибе алмасып, медициналық көмекті қолжетімді етпек. Алматыдан арнайы келген А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық Ғылыми хирургия орталығының ақ халатты абзал жандарына ауқымды отаның сәтті өтуіне қосқан еңбектері үшін және шеберлік сағаты арқылы өз тәжірибелерімен бөліскені үшін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыс етті.
Бірінші бүйрек трансплантациясын 1960 ж. Ұлыбританияда жасаған болатын. Қазір бұл ең кең таралған және қауіпсіз операцияның типі, мүшелердің трансплантациясы бойынша. Жыл сайын Ұлыбританияда 1800 дейін операция жасалады және бұл көрсеткіш донорлар саны көп болған жағдайда өсер еді. Операцияның жақсы өтуінің мүмкіндігі өте жоғары болады және ағзаның қабылдамауы (отторжение) циклоспорин А препараты арқылы жеңеді. 1996 жылы жаңа препарат пайда болды. Алғашқы 3 айда қатты қабылдамауды 50% төмендетеді. Донорлы бүйректі ауыстырып орналастыру диализбен салыстырғанда: арзан және операция жақсы өткенннен кейін науқас қалыпты өмір сүре алады. Бір жылдық диализдің ақысы: 1990 жылдары 20000 фунт стерилинг тұратын, ал ауыстырып орналастырудан кейінгі медикаменттердің жылдық ақысы: 300 фунт. 1989 жылы Ұлыбританияда 3700 адам күткен болатын. Кейбір кездері донор ретінде жақын туыстар шығуы мүмкін – бұл қабылдамаудың қаупін, төмендетеді, қалыпты өмір сүру үшін бір бүйрек жеткілікті болады. Ұлттық және халықаралық донорларды іздеу жүйесі жұмыс жасайды. Науқас ұлпалары антигендерге «типпируются» және осының негізінде мүшені іздестіреді. Егер мүшені өлген адамнан алатын болса, потенциальды донордың біріншіден мидың өлімін констациялау қажет, содан кейін бүйректі жылдам алып мұзға салады, осы уақытта гепатит пен АИТВ ұлпаларды типируют». Мүшені жылдам қолдану қажет, бірінші екі тәулік ішінде. Көбінесе тізімде тұрған пациент операция алдында бірнеше сағат алдында хабардар болады.
Алғаш рет Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығы базасында трансплантолог-хирургтар туыс донордан бүйрек трансплантациясын сәтті орындады.
Операцияның бұл түрі – АВ0 сәйкес келмейтін бүйрек трансплантациясының әлемнің бірқатар елдерінде, бірақ өте аз мөлшерде жасалады.
Бүйрек трансплантациясы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы пациенттер үшін алмастырушы бүйрек терапиясының оңтайлы әдісі саналады. Алайда барлық елдерде кездесетін донорлық органдардың тапшылығына байланысты емдеудің мұндай әдісін қолдану мүмкіндігі едәуір шектелген. Әйтсе де, тірі донордан бүйрек алмастыру – бұл проблеманы еңсерудің анағұрлым дұрыс жолы.
Бұл жолы бірнеше сағатқа созылған операциялар барысында 35 жастағы науқасқа донорлық орган сәтті трансплантацияланды. Ол «5-ші сатыдағы созылмалы бүйрек ауруы» диагнозымен келіп түкен еді.
Екі жыл бойы бағдарламалық гемодиализде болды. Бұл реципиенттің туыс доноры болған, бірақ қан тобы сәйкес келмеген еді. Пациентке десенсибилизациялаушы терапия жүргізгеннен кейін қан тобы басқа туыс донордан бүйрек трансплантациясын жүзеге асыруға мүмкіндік туды.
«Донор-реципиенттің» қазіргі жай-күйі қанағаттанарлық. Бүгінгі таңда реципиент үйіне шығарылды. Қазір амбулаториялық бақылауда.
Жалпы, Қазақстанда трансплантологияны дамыту өзекті мәселе болып саналатынын айта кеткен жөн. 2022 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 3 566 пациент донорлық органдарды трансплантациялауды қажет етеді екен. Оның 77-сі – балалар. Оның ішінде ең көбі – бүйрегін ауыстыруға мұқтаж жандар. 3154 ересек және 8 балаға бүйрек ауыстыру операциясы қажет.