Әріптес мерейі: күрделі мамандықты жетік меңгерген

162

Ai-news.kz. «16 қазан – Дүниежүзілік анестезиолог-реаниматолог күні» кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Қашанда адам өміріне араша түсетін ақ халатты абзал жандардың әрбір күні күрделі саналады. Өз кезегінде Сырдария ауруханасының «Жан сақтау» бөлімшесінде күні-түні ауыр жағдайдағы науқастарды бақылауда ұстап, емдеп жазуға күш салатын медицина мамандары ерен еңбектің үлгісін көрсетіп келеді. 


Негізінен, Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсенов басшылық қызметке келмес бұрын анестезиолог-реаниматолог дәрігері ретінде абыройлы еңбек еткен. Білікті маман өзінің қажыр-қайратының арқасында көптеген науқасты сырқатынан айықтырған. Облыстық медцина орталығында қызмет етіп жүрген сәтте білікті мамандар Шадияр Нұрымбетовтен, Оразғали Кұрманбаевтан, Әуесхан Сатмағанбетовтен, Нұрлан Әбдіқадіровтен, Данияр Сафаровтан тәлім алған. Бұл ретте, денсаулық сақтау жүйесіне қарасты бірнеше салада тәжірибе жинақтаған Жалғасбек Тұрлыбекұлы басшылық қызметтерде өз білімі мен біліктілігін шыңдай білген. Анестезиолог-реаниматолог мамандығын жан-жақты меңгерген дәрігер өз ісінің білгірі атана алған. 


«Жан сақтау» бөлімшесіне тәжірибесі мол дәрігер Дастан Сәдірқожаев жетекшілік жасап келеді. Қарағанды қаласындағы медицина академиясында білім алған сала маманы әр жылдары жалпы тәжірибелік дәрігер, ренгинолог қызметінде болып, елеулі жұмыс жасаған. Бүгінде дәрігер мамандығына аса құрметпен қарайтын Дастан Сәдірқожаұлы күнделікті бөлімше жұмысын үйлестіріп, науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетуге бағытталған негізгі міндеттерді жүзеге асыруда. Білікті маманмен бірге 2 дәрігер, 8 орта буын маманы адам жанының қорғаны болуда. 


Бөлімшеде күнделікті үздіксіз жұмыс жасай білетін білгір дәрігерлер қатарында Асылбек Ауезов пен Әсет Жамансариев бар. Қос дәрігер жоғарғы дәрежедегі медицина мамандарын дайындайтын оқу орындарында білім алып, бірнеше жылдан бері табанды еңбегімен былайғы жұртшылыққа танылып келеді. Олардың сырқат үшін жасаған еңбегі өлшеусіз. Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері қай кезде де жауапкершілік танытып, өз жұмысын мүлтіксіз орындауға барын салады. Күрделі оталардың жасалуына атсалысып, ұдайы ыждағаттылық танытады. 


Бұл күн кездейсоқ таңдалған күн емес – дәл 1846 жылы 16 қазанда Америка Құрама Штаттарында тіс дәрігері В.Мортон алғаш рет хирургиялық араласу үшін эфирлік наркозды қолданған. Тіс дәрігерінің экспериментінің арқасында анестезия кең таралды және бұл күнді медицинаның маңызды салаларының дәрігерлері күні ретінде атала бастады. Осылайша, барлық елдердің дәрігерлері операция кезінде пациенттерді қатты ауырсынудан құтқарудың жолын тапқан дәрігерге алғысын білдірген.

 

Кез келген дәрігердің жұмысы ауыр, өйткені дәрігерлер пациенттерінің өмірі мен денсаулығы үшін үлкен жауапкершілікті алады. Алайда, «анестезиология және реанимация» мамандығы – барлық басқа медициналық мамандықтардың ішінде: бұл дәрігерлерге өте үлкен жүктеме жүктеледі, өйткені олардың жұмысы өмір мен өлімнің алдында тұрған пациенттерге көмек көрсетумен байланысты ерекшеленді.

 

Кез келген стационарда анестезиология және реаниматология қызметі пациенттерге емдік көмек көрсетуде жетекші орын алады. Ірі мекемелерде реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері, сондай-ақ анестезиология және реаниматология бөлімшелері бар. РҚТБ және АРБ қызметкерлері тәулік бойы ауыр және аса ауыр халдегі пациенттерге қарқынды терапия мен реанимациялық шараларды жүзеге асырады, операциялық кезеңде, яғни операция кезінде және операциядан кейінгі кезеңде пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

Медициналық авиация қызметін сондай-ақ өз ісінің тәжірибелі мамандары – реаниматологтар ұсынады, олар әуеде де, жерде де ауыр халдегі пациенттерге уақтылы медициналық көмек көрсете алады. Сондай-ақ, ҰШМҮО құрылымында Ахуал орталығы өзінің үздіксіз жұмысын жүргізеді, оның реаниматологтары бүкіл республика бойынша реанимация бөлімшелеріндегі пациенттерге тәулік бойы консультация береді. Бұл шаралардың барлығы адамды өмірге қайтаруға немесе ағзаның өмірлік функцияларын сақтауға бағытталған.


Өз кезегінде әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Қызметте табыс тілейміз!