Жан – жақты мониторинг жүргізілді

139

Ai-news.kz. «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің арнайы бұйрығы негізінде Сырдария аудандық ауруханасының фтизиатр-дәрігері Ләззат Ибраимова апта көлемінде емханаға қарасты 1,2,4,3,20 аймақ дәрігерлерінің қатысуымен мониторинг жүргізді. 


Мониторинг барысында салалық дәрігер туберкулез дертін алдын алуға байланысты бірнеше мәселе көтерді. Мәселен, Ләззат Жаңабайқызы флюро мен мантуды жоспарлау барысын ақ халатты абзал жандарға түсіндірді. Сонымен қатар мантуға іріктелген балаларға 2025 жылға этаптық эпикриз жазу ережесін КМИС жүйесіне енгізу барысы талқыланды. Флюро оң болған жандардың маркерлерін жабу және 081/е журналына күмәнді болып тіркелген науқасты  КМИС жүйесі бойынша динамикалық бақылауы назарға алынды. Өз кезегінде сала мамандары КМИС жүйесіне динамикалық жазба, диаскинтест, манту сынамаларының 72 сағаттан соң қорытындысын түсіру бойынша  жұмыси жасалды. 


Аталған мониторинг қызметі Сәкен Сейфуллин және Шіркейлі ауылында жалғасын тапты. Бұл ретте, аудандық ауруханасының фтизиатр-дәрігері Анар Жаңабайқызы балаларға  диаскинтес   диагностикалау жасады. 

Сала мамандары өзара пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.