«Адам папилломасы» вирусына қарсы вакцина салынуда

103

Ai-news.kz.  «Адам папилломасы» вирусына қарсы вакцина салынуда. Аманкелді, Жетікөл ауылдық амбулаторияларында «Адам папилломасы» вирусына қарсы вакцина егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

 

Сала мамандары жас ерекшелігіне байланысты қыз балаларға аталған вакцинаны егу үстінде. 


Еліміз бойынша   2024-2025 жылдары 11 жастағы қыз балаларға «Адам папилломасы» вирусына қарсы вакциналау енгізу бойынша жол картасы жүзеге асуда.


Адам папилломасы вирусы (АПВ) дегеніміз не?


Адам папилломасы вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы.

 

Адам папилломасы вирусы  қандай қауіптілік төндіреді?

 

Вирус қауіпті, өйткені ол тез тарала алады, нәтижесінде папилломалар пайда болады (сүйел өсінділері) және жасушалардың қатерлі ісігінің деградациясы мен жатыр мойны обыры сияқты қатерлі ісіктің дамуына қоздырғыш болады.

 

Ғылыми мәліметтерге сәйкес, 10 әйел мен ер адамның 8-і 25 жасқа дейін АПВ жұқтырған.

 

ЖЫЛ САЙЫН ҚАЗАҚСТАНДА жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайлары тіркеледі, оның ішінде 600-ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады.

 

Біздің елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.

 

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы қолданыста және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса алғанда, дүниежүзінің 135 мемлекеттерінде жасалады.

 

Адам папилломасы вирусы ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ?

 

Тұрмыстық жанасу жолымен:

Адам папилломасы вирусы қол алысу, сүйісу, терідегі зақымданулар арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, моншаларға, спорт залдарына, дәретханаларға, бассейндерге барғанда жеке гигиенаны сақтаған дұрыс. 

 

Жыныс жолымен:

Вирустардың онкогенді типтері жыныстық жолмен берілгенде жыныс мүшелері аймағында орналасатын ұшы сүйір сүйелдерді тудырады.

 

Тікелей жолмен туу кезінде:

Вирус анадан сәбиге оның босану жолдарымен өту кезінде беріледі. Сүйелдер көбіне нәрестелерде өмірінің алғашқы жылдарында ауызда немесе теріде пайда болады.

 

Өзіне-өзі жұқтыру жолы:

Адам папилломасы вирусы қырыну немесе эпиляция кезінде дененің бір бөлігінен екінші бөлігіне жиі ауысады.

 

Бүгінгі таңда Адам папилломасы вирусы емдеу жолы жоқ, алдын алудың бірден-бір әдісі – вакцинация. Жатыр мойны обырының (ЖМО) дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген.

 

2024 жылғы күзден бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға адам папилломасы вирусқа қарсы вакцинация жүргізілетін болады.

Адам папилломасы вирусқа қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша   емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді.

Вакцинация ата аналарының немесе қамқоршысының ақпараттандырылған жазбаша келісімімен жүргізіледі.

Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.

НЕЛІКТЕН ВАКЦИНАЦИЯ 11 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДАРҒА ЖАСАЛАДЫ:

 

Вакцина адам жұқтырғанға дейін енгізілсе, ең тиімді болып табылады. Адам папилломасы вирусы 25 жасқа толмаған адамдар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар, осы жастағы вакцинация ең күшті иммундық реакцияны қамтамасыз етеді.

 

1-АҢЫЗ: Адам папилломасы вирусы вакциналары қауіпсіз емес.

 

ФАКТ: 2006 жылы тіркелгеннен бері адам папилломасы вирусы вакциналарының 500 миллионнан астам дозасы таратылды. Тіркеуден кейінгі қадағалау шеңберінде осы уақытқа дейін анафилактикалық реакция туралы сирек хабарларды қоспағанда, қауіпсіздікке қатысты маңызды мәселелер анықталған жоқ. Вакциналар қауіпсіздігі жөніндегі жаҺандық консультативтік комитет (ВҚЖКК) Адам папилломасы вирусы вакциналарының қауіпсіздігі туралы деректерді үнемі талдайды және қауіпсіздікке  қатысты алаңдаушылық тудыратын аспектілерді әлі анықтаған жоқ.

 

2-АҢЫЗ: Вакциналар, соның ішінде адам папилломасы вирусы вакциналары тиімсіз.

 

ФАКТ: Адам папилломасы вирусы вакциналары бірқатар елдерде тиімді екендігі дәлелденді. Сонымен, АҚШ-та вакцина енгізілгеннен кейін 11 жыл өткен соң, 13-26 жастағы әйелдер арасында АПВ таралуы 81%-ға төмендеген.

 

3- АҢЫЗ: Адам папилломасы вирусы вакцинациясы бедеулікке апаратын жол.

 

ФАКТ: Адам папилломасы вирусы вакцинасы әйелдердің репродуктивті функциясына әсер етпейді және бедеулікті тудыруы мүмкін емес, бұл әлемнің дамыған елдеріндегі көптеген жылдар бойы жүргізілген клиникалық зерттеулермен дәлелденді. Керісінше, АПВ-дан туындаған қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға кейде олардың балалы болу қабілетін шектейтін емдеу қажет болады, мысалы, АПВ-ға қарсы вакциналар мен бедеулік арасындағы байланыс – бұл клиникалық дәлелденген фактісі жоқ қоғамда белсенді түрде таратылған жалпы қате түсініктердің бірі.

 

 4-АҢЫЗ: Адам папилломасы вирусы вакцинасы жыныстық азғындыққа әкеледі.

 

ФАКТ: Көптеген ғылыми зерттеулер адам папилломасы вирусы вакцинациясы жасөспірім қыздардың жыныстық мінез-құлқының клиникалық көрсеткіштеріне әсер етпейтінін көрсетті. Бұл нәтижелер АПВ вакцинациясынан кейін азғындықтың жоғарылауы туралы алаңдаушылық негізсіз екенін және жас кезінде вакцинацияға кедергі болмауы керек екенін көрсетеді.

 5- АҢЫЗ: Адам папилломасы вирусы сирек кездеседі, сондықтан адам папилломасы вирусы вакцинациясының қажеті жоқ.

 

ФАКТ: Адам папилломасы вирусы -инфекциясы – ең көп таралған инфекция. Әйелдер мен ерлердің шамамен 80%-ы өмірінің белгілі бір кезеңінде жұқтыруы мүмкін. Адам папилломасы вирусы вакцинациясы жатыр мойны обырының даму қаупін азайтады.

 

 6-АҢЫЗ: Вакцинада обыр жасушалары бар.

 

ФАКТ: Вакцинаның құрамына қатерлі ісік жасушалары да, тұтас адам папилломавирусы да кірмейді.

 

Вакциналарда вирустың жеке ақуыздары бар, олар ағзаға еніп, иммунитетті белсендіреді. Өз кезегінде иммундық жүйенің жасушалары адам папилломавирусымен күресуге бағытталған антиденелер шығарады. Осыған байланысты вакцина қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін емес.