Алғашқы жартыжылдықты қорытындылауға арналған жиын өтті

119

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылауға арналған жиын өтті. Басқосуға емдеу мекемесінің бас дәрігері Әділбай Медетбаев төрағалық етіп, 6 айда атқарылған жұмыстардың барысын саралады. 



Жиынның бағдарламасына сәйкес, бірінші баяндаманы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Шарипа Алиева таныстырды. Жауапты маман науқастардың емдеу процесіне кеңінен тоқталып, мазмұнды ақпаратпен бөлісті. 


Жалпы жыл басынан бері ауруханада жеті мыңға жуық науқас емделіп шыққан. Өткен жылмен салыстырғанда көкжөтел ауруының көрсеткіші артқан. Сонымен қатар, қызылша дерті әлі де болса жиі кездесуде. Өз сөзінде Шарипа Жақсылыққызы бөлімшелердің жұмысын талдап, әлде де орын алып жатқан кемшіліктерге тоқталды.



Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы жанында тәулік бойы CALL - орталық жұмыс жасайды. Әрбір түскен шағым тіркеліп, мәселенің шешілуі үшін қажетті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы жиын барысында бас дәрігердің ішкі аудит мәселелері бойынша орынбасары Айгүл Сағымбаева баяндап берді. Жауапты маман науқастардың құжатын әзірлеу барысында орын алатын кемшіліктерді болдырмау үшін жұмыс жасалынып жатқанын жеткізді. Қызметкерлердің ем алушылармен қарым - қатынасы, қызметтік этика мәселесін тілге тиек етті. 


Мекеменің қазіргі экономикалық мәселесі де жан - жақты талқыланды. Жиын соңында аурухана бас дәрігері Әділбай Қаниұлы алдағы уақытта атқарылатын міндеттерді жүктеді. Оның ішінде науқастар үшін "Кеңес беру" орталығын ашу тақырыбы қарастырылатын болады.