"НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі күдікке ілінді
8
Ai-news.kz "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
Бұл туралы ақпаратты ШҚО ПД баспасөз қызметі растады. Ведомство қоғам белсендісіне қатысты тергеу басталғаны туралы ғана мәлімет беріп, істің мән-жайын жарияламады.
"2023 жылдың 6 қазанында Өскемен қаласы Ертіс ПБ полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі", - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.