Қала әкімінің бұрынғы көмекшісі бас бостандығынан айырылды
Ai-news.kz Павлодар қаласы әкімінің бұрынғы көмекшісі мен жер қатынастары бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Әкімнің экс-көмекшісі 7 жылға бас бостандығынан айырылса, бөлім басшысына айыппұл салынды, деп жазды Павлодар қаласы №2 сотының баспасөз қызметі.
Сот ақпараты бойынша, жалпы төрт адам сотталған. Әкімнің көмекшісі мен жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қаралса, үшіншісі сотталушыға қатысты Қылмыстық кодекстің 368-бабы (Пара беруге делдалдық) бойынша іс қозғалды, ал кәсіпкерге байланысты Қылмыстық кодекстің 367-бабы (Пара беру) бойынша іс қозғалған.
Тергеу барысында 2023 жылдың шілдесінде кәсіпкер делдал арқылы Павлодар қаласы әкімінің көмекшісіне тағы 200 мың теңге көлемінде пара бергені, ал тамызда Павлодар қаласы әкімінің көмекшісі кәсіпкердің өзінен тағы 150 мың теңге алғаны анықталған.
Кәсіпкер де жазаға тартылды. Оған 5 миллион 320 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар сотталған шенеуніктерге өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.