"Бөгде адам шотыңызға ақша аударады": алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Ai-news.kz Қазақстанда ақша аударымдарына қатысты жаңа алаяқтық пайда болды.
Егер шотыңызға белгісіз ақша түссе, дереу банк бөлімшесіне хабарласқан дұрыс. Себебі оны алаяқтар өз пайдасына қолдануы мүмкін. Шымкенттік Әсел Мәлікке белгісіз біреу есепшотына түскен ақшаны қайтарып жібермесе, сотқа беретінін айтып қорқытқан. Бірақ Әселге ешқандай ақша түспепті, сонда да әйел оған қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқан.
Кейде ақшаны расымен аударып, алдауы да мүмкін. Мысалы, белгісіз адам сіздің шотыңызға ақша жібереді де, содан кейін ақшаны қайтару туралы өтінім жолдайды, сонымен бірге дәл сол уақытта аударымға тосқауыл қояды. Сол кезде адамның өз ақшасы кетіп қалады.
Кейде қаржыны аударып, белгілі бір қылмыстық іске қатысы бар етіп те қояды.
Егер белгісіз біреуден ақша түссе, оны жаратуға немесе қолма-қол ақшаға айналдыруға болмайды, өйткені бұл алаяқтық болуы мүмкін. Мұндай кезде дереу банкке хабарласқн жөн.