«QazaqGaz Aimaq» газ тұтынушыларын алдын ала ескертеді

323

Ai-news.kz.  Құрметті қала тұрғындары мен кәсіпкерлер, "QazaqGaz Aimaq" АҚ Қызылорда өндірістік филиалы газ тарату желілерінде жоспарлы жөндеу-профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты 2025 жылғы 17 қыркүйек күні сағат 08:00-ден бастап 18 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін Қызылорда қаласының темір жолдың арғы бетінде орналасқан Шанхай, КБИ және Әл-Фараби шағын аудандарындағы жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерге, сондай-ақ өнеркәсіптік және коммерциялық-тұрмыстық нысандарға табиғи газ беру уақытша тоқтатылады.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде тұрғындардан газ жабдықтарының алдындағы крандарды жауып қоюы қатаң сұралады. Сонымен қатар, 18 қыркүйек күні сағат 18:00-ден бастап «QazaqGaz Aimaq» АҚ мамандары газ беруді қалпына келтіру мақсатында үй-жайларға кіретінін ескере отырып, қызметкерлерге кедергісіз қол жеткізуге жағдай жасауыңызды өтінеміз.

Газдың иісі сезілген жағдайда дереу 104 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Аталған жұмыстар өңірде газ желілерінің қауіпсіз әрі үздіксіз қызметін қамтамасыз етуге бағытталғанын назарларыңызға саламыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін түсіністікпен қарағандарыңызға алғыс білдіреміз.