Шаңырақ күніне орай Қызылордада 30-дан астам мерекелік іс-шара өтті
Ai-news.kz. Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматына сәйкес, «Наурызнаманың» онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні болып бекітілген болатын.
Бұл күн жарасымды жанұялардың береке-бірлігін насихаттау арқылы отбасы құндылықтарын кең көлемде дәріптеуде айрықша маңызға ие болды.
Қазақы қаймағы бұзылмаған Сыр өңірінде «Шаңырақ күні» аясында 30-дан астам мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, қала және барлық аудандарда ерекше тойланды. Әсіресе, жарасымды жанұялар арасында оның ішінде, 50 жыл отасқандар арасында «Алтын шаңырақ», ал 25 жыл отасқан отбасылар арасында «Күміс кереге» атты ауқымды байқаулар өткізілді.
Сондай-ақ, «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында облыстық және аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаз отбасылары жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлардың неке қию салтанатына қатысып, өздерінің ізгі тілегі мен ақ батасын берді.
Бұдан бөлек, атаулы күнге орай, облыс орталығындағы «Отбасы орталығы» мен «Анаға тағзым» орталығында «Ашық есік» күндері өтті.
Сонымен қатар, Отбасы орталығында «Жарасымды жанұя» отбасылық танымдық шара ұйымдастырыл. Ал жаңа туған сәбилердің ата-аналарына «Наурызбазарлық» естелік сыйлықтар берілді.
Барлық аудандарда Шаңырақ күніне орай отбасы құндылығын насихаттауға арналған танымдық іс-шаралар ұйымдастырылып, салт-дәстүр рәсімдері өтті.
Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.
Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы.
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда «Шаңырақ көтеру» атты ерекше дәстүр-салт болған.
Жалпы, Наурыз мерекесінің жаңа тұжырымдамасы аясындағы «Шаңырақ» күні жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күніне айналады деуге негіз бар.
Шаңырақ күні қазақстандықтардың жас ұрпақты тәрбиелеу мәдениетін көрсете отырып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыруға үндейді.
Ол – әрі аспан күмбезі, әрі үй-жай, әрі тірек, әрі бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы.
Ол – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз жалғасуының символы.
Шаңырақ – отбасы белгісі, сондықтан да қазақ халқы жас жұбайлардың отау құрып, шаңырақ көтеруіне ерекше мән берген. Ата-бабаларымызда "Шаңырақ көтеру" атты ерекше дәстүр-салт болған.
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі