Қазақстанда мигранттарға арналған портал іске қосылды

1

Фото: ашық дерек көзі

Ai-news.kz  Қазақстанда мигранттарға арналған портал іске қосылды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Министрліктің таратқан ақпаратына сүйенсек, Migration.enbek.kz көші-қон ресурстары порталы – келетін шетелдік азаматтар туралы ақпаратты орталықтандырылған басқару құралдарын біріктіреді, сондай-ақ көші-қон саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.


“Migration порталы – бизнес-процестерді реинжинирингтеу және көші-қон саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын дамыту жолымен құрылған инновациялық платформа. Шетел азаматтары туралы ақпаратты орталықтандыру және біріздендіру көші-қон процестерінің әртүрлі кезеңдерін синхрондауға, деректерді тиімдірек басқаруға, оларды өңдеу мерзімдері мен шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді”, – делінген ақпаратта.


Порталда көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтердің мынадай түрлерін алуға болады: "Қандас" мәртебесін беру, қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, "Ата жолы" картасын беру, пана іздеуші адам куәлігін алу және т. б.