Алакөлде 17 жастағы жасөспірім қайықтан суға секіріп, мерт болды

181

Фото: Freepik.comАi-news.kz. Алакөл көлінде 17 жастағы жасөспірім жағадан 500 метр жерде құтқару күртешесіз қайықтан суға секіріп, батып кетті. Қылмыстық іс қозғалды.


32 жастағы қайық иесіне абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.


"Суға түсуге арналмаған аумақта жағадан 500 метрдей қашықтықта 17 жастағы жасөспірім құтқару күртешесіз қайықтан суға секіріп кетіп, батып кетті", – деп түсіндірді Абай облысының полиция департаменті.


Қазір қажетті сараптамалар кешені тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.