"Шерзатты өзінің әкесі өлтірді"мәлімдеме жасаған блогер 20 тәулікке қамалды
Ai-news.kz Сот әлеуметтік желіде марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубайды өз ұлын өлтірді деп ашық айыптаған, "Доктор" лақап атымен танымал блогер Бауыржан Әбдірахманға қатысты шешім шығарды.
Сот блогердің мәлімделерін жалған әрі жала жабу деп танып, оған 20 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады. Блогер әлеуметтік желіде көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттелді. Сонымен қатар ол марқұмның отбасына 400 мың теңге моральдық өтемақы және 500 мың теңге өкілдік шығын төлеуі керек.
Отбасының адвокаты Мейірман Шекеев сот шешімін әділ деп санайтынын мәлімдеді.
"Докторға қатысты сот шешімі шықты. Бұл жеңістің дәмі ерекше. Шерзаттың отбасын орынсыз айыптап келген Доктор енді өз сөзіне жауап берді. Ол кешірім сұрап, өтемақы төлеуге міндетті", – деді Мейірман Шекеев.





