Қызылордалық зияткерлер ғылыми жұмыстарын таныстырды

0

Ai-news.kz   NIS оқушылары арасында ұйымдастырылған желілік ғылыми жобалар сайысы сәтті өтті. Болашақ ғалымдар арасындағы додада 12-сынып оқушылары Шыңғыс Абдуллаев пен Әділ Өмірзақ жасанды интеллект арқылы зағип жандарға арналған қоғамдық көлік номерін анықтау құрылғысын әзірлеп, таныстырды. Ал, табиғат тазалығына ден қоятын 11-сыныптың оқушысы Арайлым Әшірмет ауаны ластаушы бөлшектерді анықтап қана қоймай,  одан қорғануға мүмкіндік беретін «эко-дабыл» жүйесін ұсынды.


Қызылордалық өнертапқыштардың жасағаны мұнымен бітпейді. Олар сондай-ақ «Naqyl soz» және «Көмек» секілді мобильді қосымшалар әзірлеп, химия,физика, биология, тілтану мен өлкетану  бағытындағы өзекті мәселелерді шешетін бірқатар идеяларын ортаға салды.


Жыл сайын  дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын желілік ғылыми жобалар  додадасына биыл ел өңірі бойынша 900-ден астам оқушы қатысуға неит білдірген. Олар 636 жоба қорғайтын болады. Соның ішінде қызылордалық зияткерлер 32 жоба ұсынған. Үздік деп танылған қатысушыларға республикалық сайыста бақ сынауға жолдама беріледі.