217 қазақстандыққа "Болашақ" стипендиясы тағайындалды
184
Ai-news.kz. Шетелде кадрлардаярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, онда "Болашақ" және "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламалары бойынша стипендиялар тағайындалды.
Орталықтың Telegram желісіндегі арнасының хабарлауынша, жақын арада "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында 217 жаңа "Болашақ" стипендиатының және ғылыми тағылымдамалар берілген 68 ғалымның есімдері жарияланады.
"Олар MIT, Harvard, Imperial College London, UCL, Humboldt-Universitat zu Berlin сияқты әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен орталықтарында оқытудан және ғылыми тағылымдамадан өтеді", - делінген хабарламада.





