Мектепішілік ата – аналар жиналысы өтті

121

Ai-news.kz. Сырдария ауданы №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысқа Сырдария аудандық АПБ ЖПҚБ УПИ полиция майоры Сүлейменов Рамазан, Сырдария аудандық ауруханасының мейірбикесі Тұрлығұлова Динара және Сырдария аудандық "Отбасын қолдау" орталығының психологы Маханбетова Айда Абдулқызы  қатысты. 


Жиналысты мектеп директоры Сактапова Света Мұхтарқызы ашып, ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларының ұялы телефон қолданысын бақылауға алып,  олардың телефондарына мониторинг жасау арқылы интернет ресурстарынан жазылып алынған суйцидке итермелейтін "Синий Кит", "Красный дельфин", "Japon Anime" және "Schoolboy Runway" ойындарының қосымшасын дереу алдырып тастауға, балалардың оны ойнауға бағытталған қызығушылықтарын болдырмау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Жиналыс барысында "Отбасын қолдау" орталығының психологы Маханбетова Айда Абдулқызы балаларға  қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жедел ден қоюды және зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға, сондай-ақ  олар тұратын отбасыларға уақытылы кешенді көмек көрсету және қолдау жөнінде ауданда арнайы "Отбасын қолдау" орталығының жұмыс жасайтындығы жөнінде  ата-аналарды хабардар етті.


Сырдария аудандық АПБ ЖПҚБ УПИ полиция майоры Сүлейменов Рамазан балалардың беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүрмеу керектігін, құқық бұзушылық пен қылмысқа апаратын іс-әрекеттер жасамау, сондай-ақ Скутер,мопед және электро самокаттар мен жол көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты ата-аналарға балалары айдаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.


Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Друмова Айгүл Сарсенқызы буллинг, лудомания, вейб темекі, интернетке тәуелділіктің алдын алу бағытында сөз алып, құқық бұзушылыққа бармау жөнінде, тәртіпке бағынып, әділдік пен жауапкершілікті, бірлік пен  ынтымақ жолында ата-аналарды бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.