Шағын кәсіпкерлікке бет бұрғандар аз емес
Ai-news.kz. Облыс орталығында шағын кәсіпті дөңгелетіп, өз табысын ғана емес, ел экономикасын еселеуге үлес қосып отырғандар аз емес. Бұдан бизнестің өркендей бастағанын көреміз.
Ағымдағы жылдың бірінші қазанында Қызылорда қаласында тіркелген кәсіпкерлердің саны 34 814 (бірінші қазан 2023 жыл – 36 871 бірлік) бірлікке жетіп, оның ішінде жұмыс жасап тұрғандар үлесі 93,7 пайдызды немесе 32 625 бірлікті (бірінші қазан 2023 жыл - 34 018 бірлік) құрады.
Мемлекет басшысының «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында «Ауыл аманаты» жобасы қабылданғаны белгілі.
Ауыл тұрғындaрының әл-aуқaтын жaқсaрту үшін Бағдарлама аясында бірінші лекте 142,13 миллион теңгеге
16 жоба қаржыландырылды (лимит - 612,8 миллион тенге).
Мәлімет үшін: (2023 жылы 253,8 миллион теңгеге 27 жоба, 46 адам жұмыспен қамтылған).
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ» ЖШС тарапынан қалаға қарасты кент және ауылдық округтардан «Іскер» бағдарламасы шеңберінде 117,3 миллион теңгені құрайтын 22 жоба қаржылай қолдау тапты.
Аталған ұйымның «Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту» пилоттық жобасында 289,5 миллион теңгеге 15 кәсіпкерлік субъектілерінің жобасы мақұлданып, 190,5 миллион теңгені құрайтын 9 жоба қаржыландырылды (2023 жылы 798,5 миллион теңгеге 82 жоба).
Екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік мақсатта ұсынылған несиелерін Даму қорымен субсидиялау шаралары жалғасуда. Жыл басынан бері жалпы құны 13,7 миллиард теңгені құрайтын 393 жоба қолдау тапты (2023 жылы 17,8 миллиард теңгеге 458 жоба).
САУДАНЫ ДАМЫТУ САЛАСЫ БОЙЫНША:
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығы жалпы сауда айналымы – 506,6 миллион теңгені құрады: бөлшек сауда – 321,0 миллион теңге (104,9 пайыз), көтерме сауда – 185,6 миллион теңге (108,3 пайыз).
Қала аумағында жалпы ауданы 166 968 текше метр құрайтын, 2 693 сауда орны бар 11 базар жұмыс жасайды. Оның ішінде әмбебап сауда базар саны – бес («Жаңа базар», «Сұлтан», «Сыбаға», «Қанат», «Талғат»), мамандандырылған сауда базар саны – алты («Сәулет», «Гүлдана», «Ақтөре», «Сығанақ», «Бұлан» және автокөлік базары).
Қазақстан Республика Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 30 наурыздағы «Сауда базарларын жаңғырту жол картасына» сәйкес базарларды жаңғыртып, заманауи сауда форматына көшіру кезеңімен 2025 жылдың желтоқсан айына дейін жоспарланған.
Әмбебап базарларын жаңғырту жұмыстары аясында Қанат базары толық модернизациядан өтті.
«Асбол» сауда базары екінші деңгейлі банкке («Қазақстан Халық банкі» АҚ) несиелендіруге құжаттарын өткізді. Мақұлданған жағдайда құрылыс жұмыстарын бастауға әзір.
«Сыбаға» базарын жаңғыртуға жұмыс жобасы әзірленіп, эскиздік жобасы бекітілді.
«Сұлтан-2» сауда базары ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алып, мердігер «СК Монтаж Строй» ЖШС-мен келісімшартқа отырды. Құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жеңілдетілген несие алуға екінші деңгейлі банктерге («Банк Центр Кредит» АҚ, «Береке банк» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ) құжат тапсырылып, банк жауабы күтілуде.
«Талғат» базарының тиісті құжаттары әзірленіп, архитектуралық жобалық тапсырмасы (АПЗ) және эскиздік жобасы әзірленді. Базар басшылығы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаражат көздерін қарастыруда.
Төрт сауда базарын жаңғырту жұмыстарына (Сыбаға базары - 1,5 миллиард теңге; Сұлтан базары -1,5 миллиард теңге; Асбол базары - 4,6 миллиард теңге; Талғат базары - екі миллиард теңге) 9,6 миллиард теңге қаражат қажет етіледі.
НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ:
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қала көлемінде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 199 миллиард 497 миллион теңгені құрап,өткен жылмен салыстырғанда 115,4 пайызды құрады (бірінші қазан 2023 жыл 163,2 миллиард теңге). Қазіргі уақытта, ағымдағы жылға жоспарланған жылдық меженің 72,8 пайызы орындалды (меже 273,8 миллиард теңге).
Жыл соңына дейін межені толық орындау үшін жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар жасалуда. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік бюджет қаражаты және жеке қаражат есебі арқылы орындалады деп күтілуде. Бұдан бөлек, қосымша резервтерді іздестіру арқылы жүзеге асатын болады. (мәселен, қыркүйек айына қосымша резервтерді іздеу арқылы екі миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды).
Анықтама үшін:
Жыл соңына дейін инвестиция тартуға қойылған меженің орындалуы, аймақтағы мұнай компаниялары (сегіз миллиард теңге), ірі инвестициялық жобалар (29,5 миллиард теңге), мемлекеттік бюджет (он төрт миллиард теңге), жылжымайтын мүлікпен операциялар (8,4 миллиард теңге 120 мың текше метр) және жеке кәсіпкерлер есебінен (16,4 миллиард теңге) қамтамасыз ету көзделген.
ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ КӨЛЕМІ:
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қала бойынша өңдеуші өнеркәсіп саласында 72 миллиард 667 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 100,3 пайызды құрады (2023 жыл 76 миллиард теңге). (өнеркәсіп көлемі 458 миллиард 533 миллион теңге).
Жыл басынан бері өңдеуші өнеркәсіп саласында жалпы құны
жеті миллиард теңгені құрайтын екі жоба іске қосылды.
Анықтама үшін:
«Orda Glass LTD» ЖШС-нің энергия үнемдейтін шыны өндірісі жобасы; (6,7 миллиард теңге) – 30 адам жұмыспен қамтылған.
«Строительно-Транспортная Компания» ЖШС-нің металл конструкция өндірісі жобасы. (300 миллион теңге).
Сонымен қатар, алдағы уақытта өңдеуші өнеркәсіп саласында жалпы құны он бір миллиард теңгені құрайтын екі жобаны іске асыру бойынша сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.
Анықтама үшін:
«With You E&C Kyzylorda» ЖШС-нің қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыты; (9,5 миллиард теңге);
«Ayna glass» ЖШС-нің жоғары технологиялы айна шығару жобасы. (1,5 миллиард теңге).
СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗДЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ:
Қалада газ отынын сатуға 16 операторға қарасты 86 бекет тіркелген.
Бүгінгі күні 67 бекетте (11 оператор) сатуға арналған 577,1 тонна автогаз қоры бар, еркін сатылымда, қала аумағында газ отынына тапшылық тіркелмеген.
Бөлім тарапынан газ құю бекеттеріне күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда қалалық әкімдігі