Инфляцияның өсімі 12,2% құрады

300

https://www.gov.kz/Ai-news.kz 2025 жылғы тамызда тұтыну бағалары индексінің айлық деңгейі 1% болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.


Азық-түлік тауарларынан бағаның пиязға 25,9%, картопқа – 21,9%, сәбізге – 16,5%, қызылшаға – 13,8%, қызанаққа – 13,7%, жүзімге – 11,9%, қырыққабатқа – 7,6%, бананға 4,1% төмендеген. Керісінше баға шоколадқа – 3,8%, кофеге, лимонға – 2,6%-дан, қарақұмық жармасына – 1,9%, кілегейге 1,4% өскен.


Азық-түлік емес тауарлардан ағымдағы жылдың тамыз айында ас үй плитасы – 6,3%, тоңазытқыш 2,6% арзандаған. Зергерлік бұйымдар мен сағат – 1,6%, жеке тұтыну тауарлары 0,8% қымбаттаған.


Әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне баға 11,3% төмендеді, ал стоматологиялық қызметтер 1% жоғарылады.

2025 жылғы тамызда жылдық мәнде инфляция 12,2% құрады.

Жылдық көрсеткіште күріш – 8,5%, кептірілген өрік – 3,4%, қарақұмық жармасы 2,5% арзандады. Кептірілген жемістер мен жаңғақтар 2,3% қымбаттады.

2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.