Қызылордада оқушылар сарайының іргетасы қаланды
Ai-news.kz Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласында 350 орындық Оқушылар cарайының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Аймақ басшысы жерлестерін заманауи қосымша білім беру орталығының құрылысы басталуымен құттықтады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп, балаларға терең әрі тағылымды тәрбие беру қажет екенін атап өтті. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Президентіміздің және Үкімет деңгейіндегі жан-жақты қолдаудың нәтижесінде Сыр өңірінде тың жобалар жүзеге асуда. Жарасымды істің жалғасы ретінде бүгін, міне, шаһардың сол жағалауынан «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 2,3 млрд теңге болатын заманауи үлгідегі Оқушылар сарайының іргетасы қалануда. Жаңа нысан білім мен тәрбие ордасына айналып, онда жеткіншектердің бос уақытын тиімді өткізуіне оңтайлы мүмкіндік жасалады. Балаларға көл-көсір қуаныш сыйлаған компания ұжымына Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.