Жас музыкант Балтабай Саиддиннің фортепиано музыкасы кеші өтті
333
фортепиано музыкасы кеші өтті.
Классикалық музыканы әлем сахналарында насихаттап жүрген фортепиано шебері облыстық симфония оркестрінің сүйемелдеуімен Э.Григ, Л. Бернстайн, Дж.Гершвиннің таңдамалы туындыларын орындап, Сыр жұртшылығына сапалы музыка, әуезді әуен сыйлады.
Симфония оркестріне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе дирижерлік етті.
Кеште облыстық филармония директоры Т.Мақаш облыс әкімінің құттықтауын жеткізіп, талант иесіне шығармашылық табыстар тіледі.
Саиддин БАЛТАБАЙ 1998 жылы 28 шілдеде туған. 2017–2021 жылдар аралығындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі.Ұстазы- пианист, профессор Венера Ибраева. 2019–2020 жылы «Эразмус» бағдарламасы бойынша Карол Липинский атындағы музыкалық академияда профессор Гжегож Куржинскийдің тағылымдамасынан өткен (Вроцлав, Польша). 2022 жылдан бастап Антон Брукнер университеті (Линц, Австрия) магистратурасында, (профессор Олег Маршевтың класында) білім алады.Вена қаласында өткен «Жаңа жылдық концерт–2022» халықаралық конкурсының (ІІІ орын) және «VII халықаралық музыка фестивалі» конкурсынының (ІІ орын) лауреаты. Қазақстан, Австрия, Польша және Ресейде өткен халықаралық байқауларға қатысқан. Алматы, Линц және Вена филармония оркестрімен өнер көрсеткен.
Әлем сахналарын бағындырып жүрген жас музыкантқа өнер көкжиегінде шарықтай беріңіз деп тілейміз.