Мәдениет саласының мәйекті жұмысы

207

Фото: kaz.zakon.kzAi-news.kz. Өнер  — руханияттың айнасы десек, сол өнер тарландарының, майталмандарының басын қосқан мәдениет саласы — руханияттың мәйегі. Қызылорда қаласындағы осы саланың дамуында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атқарып жатқан жұмысы нәтижелі деуге болады. 

 

Қызылорда қаласы әкімінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 395 қаулысы негізінде Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қалалық деңгейде мәдениет, театр, өнер, кітапхана,тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталғаніс-шараларды жүргізеді.

Бөлімге қарасты «Қалалық мәдениет үйі, клубтары және халықтық ұжымдар» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық мәдени-демалыс паркі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, сол жағалауда орналасқан «Қызылорда қаласының тарихы музейі» коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны, «Қызылорда қаласының Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, (2023 жылғы 29 қарашадағы № 3911 қаулысы негізінде құрылды)жұмыс жасап, халыққа қызмет көрсетеді.

 

 

I.       Мәдени іс-шаралар

 

2024 жылдың 10 айында 966 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған 159 841 көрермен тартылған. /Ақпарат ретінде 2023 жылдың 12 айында 1389 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілген/

 

II.      Мемлекеттік тіл саясаты бағытында атқарылған жұмыстар туралы:

 

Бөлімнің негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, насихаттау және дамыту бағытында жұмыстар атқару. 

Бөлім тарапынан қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің құжат айналымдарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне ай сайын тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіледі. 

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жүргізілген мониторинг барысындағы құжат айналымы толығымен 100 пайызға жетті.

/Ақпарат ретінде 2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жүргізілген мониторинг барысындағы құжат айналымы толығымен 100 пайыз құраған/

 

III.    Ономастикалық комиссияның жұмысы бойынша:

 

Бөлім Қызылорда қаласы әкімдігінің жанынан құрылған қалалық ономастика жұмысшы тобының қызметін үйлестіреді. 

 

Бүгінгі күні, қала аумағында комиссия шешімімен нақтыланған 1199 көше бар. Оның ішінде,қалада 772 көше және қалаға қарасты ауылдық округтерде 427 көше бар.

 

Ақпарат ретінде: Қала аумағындағы 772 көшенің 440-ы кісі есімімен, 223-і тарихи жер-су атауларымен аталған, 109-не шартты атау берілген (шартты-санмен аталатын көшелер).

 

Ауылдық округтердегі 427 көшенің 208 кісі есімімен, 67 көше тарихи жер-су, 152-не шартты атау берілген. 2 көше бүгінде идеологиялық тұрғыдан ауыстыруды қажет етеді. (Белкөл кентінде орналасқан)

 

Атау беру және қайта атау кезінде Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген «Тарихи тұлғалар» тізімін басшылыққа алу міндеттілігіне байланысты қалалық ономастика жұмысшы тобының отырысында 2022-2023 жылдар аралығында келіп түскен жетпіске жуық ұсыныстар қаралды.

 

Одан әрі, облыстық ономастика комиссиясында мақұлданып, «Тарихи тұлғалар» тізбесін өзектендіру жөнінде ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.

 

Алайда, республикалық комиссияның шешімімен аталған                          ұсыныстар арасынан 9 (тоғыз) ұсыныс қана «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілгендігі (2024 жылғы 21 ақпандағы №203 ҚБПҮ) белгілі болды.  

 

Аталған тоғыз ұсыныс ішінен Қызылорда қаласындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктерін атау және қайта атау беру бойынша   2022-2023 жылдар аралығында тиісті заңдылықтарға сәйкес қаралып, қолдауын тапқан төрт ұсыныс Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының кезекті отырысына ұсынуға ықпал жасау мақсатында облыстық қоғамдық даму басқармасына құжаттары жолданды. 

 

Ендігі кезекте, «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген бес ұсынысты қалалық ономастика жұмысшы тобының отырысында қарау жоспарлануда.

 

IV.     Жарнама және тіл саясаты туралы:

 

Бөлім қала көшелеріндегі көрнекі ақпараттар бойынша «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» 1997 жылғы он бірінші шілдедегі №151 және «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңдарының сақталуына зерделеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

 

Қала көшелеріндегі көрнекі ақпарат құралдарында «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабының және «Жарнама туралы» Заңының алтыншы - бабының сақталмауы жиі кездеседі. 

 

Заңнамада белгіленген талаптардың бұзылуына жол берілген жөнсіз жарнамаларды болдырмау туралы меншік иелерімен ауызша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жазбаша хат арқылы ескертпелер беріліп келеді.

 

Бөлім тарапынан мекемелерге, кәсіп иелеріне жазбаша ескерту хаттармен маңдайша жазулар, басқа да көрнекі ақпараттардың мәтіндерін жазу және орналастырудың схема-үлгісі таратылуда.

 

2024 жылдың 10 айында Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 21-тармағының талаптарына сәйкестігін зерделеу мақсатында қала орталығындағы жарнамаларды аралау барысында 172 нысанға түсіндірме жұмыстары және ескертпе буклеттер таратылды. 

 

Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан мейрамханалар мен жылдам әзірленетін дәмханалардың ас мәзірлерін қазақ тілінде жазу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бүгінде 91 пайызға жуық ас мәзірлері қазақ тіліне көшірілді.

 

V.      Тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша:

 

          Бүгінгі күні Қызылорда қаласы көлемінде 85 тарихи-мәдени мұра объектілері мемлекет қорғауына алынған, олардың төртінші республикалық, отыз төртінші жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері. Қырық жеті нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген. 

 

Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы екінші маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде жеке меншікте 10 нысан, «Ұлттық компания «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының, бір нысан (Айтбай мешіті) Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасына, он төрт нысан облыстық мекемелердің, он бір нысан Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің, он сегіз нысан тиісті мекемелердің, он бір бюст мектептердің, он үш нысан кент және ауылдық округтердің теңгеріміне берілген.

 

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №288 Заңына сәйкес   ескерткіштер бес түрге бөлінген. Олар: археологиялық, қала құрылысы және сәулет (38), ансамбльдер мен кешендер, монументті өнер құрылысы (46), киелі объектілер. 

 

Заңның 28-бабына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштері бойынша  қорғау, құрылыс салуды реттеу және қорғалатын табиғат ландшафт аймақтарын белгілеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Қазіргі уақытқа дейін облыстық бюджет есебінен қала аумағында орналасқан сегіз ескерткіштің қорғау аймағының жобасы белгіленді. (ақпарат ретінде облыстық әскери комиссариаттың шақыру пункті ғимараты (бұрынғы казарма), Теміржолшылар клубы ғимараты, Теміржол милициясы ғимараты (қазіргі «Ақмешіт» музейі), Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ғимараты, Өшпес Даңқ мемориалы, Айтбай мешіті, Құтқарушы Христос шіркеуі, Бауырластар бейіті) Жаңадан ескерткіштер мен мүсіндерді орнату тәртібі Заңның он бірінші - бабына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларына сәйкес реттеледі. 

 

Сонымен қатар, қала аумағындағы барлық ескерткіштерге 2024 жылдың алғашқы тоқсанында қорғауміндеттемелері әзірленіп, ескерткіштердің жағдайы мен тазалығын қадағалап, орын алған кемшіліктерді түзету жұмыстарын жүргізу мақсатында тиісті мекемелердің  теңгерімдеріне берілген.

 

VI.     Кітапханалар жүйесі бойынша:

 

Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты жиырма бір кітапхана (ақпарат ретінде тоғыз - қалалық, сегіз – ауылдық, екі - кенттік және екі - балалар кітапханасы) қала тұрғындарына кітапханалық–ақпараттық қызмет көрсетуде.

 

Жалпы кітап  қоры – 647972, оның ішінде қазақ тілінде – 265400;

 

Биылғы жылы алынған жаңа әдебиеттер саны – 940, оның ішінде қазақ тілінде – 927;

 

Оқырман саны- 31777

 

Келуішлер саны- 245034

 

Берілім саны- 512006

 

Жиырма бір кітапхана интернет желісімен қамтамасыз етіліп, есепті мерзімде интернет қызметін 2745 оқырман тұрақты пайдаланған. 

 

Аталған жиырма бір кітапхананың, алты кітапханасы жүйе теңгерімінде, он екі кітапханасы мемлекеттік мекемелерде орналасса (ақпарат ретінде мектепте - біреу, жастар орталығында - біреу, мәдениет үйлері мен клубтарда - 10), 3 кітапханасы жалға алу шартымен (ақпарат ретінде бір жылға 3 600,0 мың теңге жергілікті бюджеттен қаржысы қаралған)келсімшарт негізінде жұмыс жасауда.

 

VII.   Қызылорда қаласының тарихы музейі бойынша:

 

2018 жылдың 28 қыркүйегінде ашылған Қызылорда қаласының тарихы музейінің қорында бүгінгі күнге дейін барлығы – 1186 экспонатпен толықтырылды. Оның негізгі қоры – 580 дана, көмекші қоры - 606 дана.  

 

Экспозицияда орналасқан– 796 экспонат, оның  287-і негізгі қор, 509 көмекші қор.

 

2024 жылдың 10 айында жиналған қор саны 1238 экспонат, оның ішінде 612-і негізгі қор, 626-сы көмекші қор.

 

VIII.  Қызылорда қаласының «Жастар театры» 

 

          2023 жылғы 29 қарашадағы № 3911 қаулысы негізінде «Қызылорда қаласының Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылып, 2024 жылдың қаңтар айынан бастап «Қызылорда қаласының Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны өз алдына мекеме болып қызмет көрсетуде.

 

2024 жылдың 10 айында 11 қойылым сахналанды. Қамтылған көрермен саны 4440.

 

2023 жылғы айтулы жетістіктер:

 

          Қалалық бюджеттен 2023 жылы жылжымалы сахнаға жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы өткізілген конкурс нәтижесінде жылжымалы сахына және дыбыс күшейткіш құрылығылар сатып алынды. 

 

Қызылорда қалалық әкімдігі