Эвакуатормен тасымалдаған көлік иесіне жылдамдық үшін айыппұл салған
188
Ai-news.kz. Атырау қаласының тұрғыны эвакуатормен тасымалданып келе жатқан көлігіне жол ережесін бұзды деп айыппүл салынғанына наразы.
Көлікке рұқсат етілген жылдамдықты (70 км/сағ) асырғаны үшін айыппұл салынған.
“Олар эвакуаторға қойылған көліктерге қашаннан бастап айыппұл сала бастаған? Неліктен айыппұлды жібермес бұрын көліктің нақты орнын камералардан тексермейді?”, – деді тұрғын.
Айтуынша, ол көлікті басқармаған, эвакуатормен тасымалдау кезінде жол ережесін бұзу мүмкін емес.
Полиция департаменті бұл фактіге қатысты түсініктеме беріп, айыппұлдар автоматты түрде жазылатынын айтты.
“Түсінбеушілік туындаған жағдайда тұрғындар Әбілқайыр хан даңғылы, 55А, 2-қабат, 210-кабинет мекенжайы бойынша әкімшілік полиция бөліміне хабарласып, мән-жайды анықтауға болады”, — делінген ресми жауапта.





