Еңсесі тік елді мекен

238

Фото: aqmeshit-aptalygy.kzAi-news.kz. Қалаға жапсарлас Белкөл кентінде  кәсіпке бет бұрған азаматтар да бар екен. Бұл бір жағынан елді мекеннің еңсесін тіктеуге үлкен көмек болатыны айдан анық.

 

БЮДЖЕТ БОЙЫНША:

 

Белкөл кенті бойынша 2024 жылдың бюджет жоспары 106 736,4 мың. теңге болып бекітілген, 2024 жылдың 10-айында 142 449,4 мың теңге болып қайта бекітіліп 33,4% пайызға ұлғайтылды.  ..

 

2024 жылға салықтық түсімдер бойынша жылдық жоспар 35 миллион 766 мың теңге болып бекітілсе, 10 айдағы нақты түсім 36 миллион 239,3 мың теңгені құраған.  Жылдық жоспар 101 пайызға орындалған. 

 

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША:

 

Кенттегі тозығы жеткен электр желілерінің ауыстыру бойынша 2024 жылы кенттегі Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелеріне 76,6 миллион теңгеге электр желісі тартылды. 2024 жылы К.Әбдіқадыров көшесіне 62,3 миллион теңгеге ұзындығы 1,9 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы салынды.

 

Бірлік, Путейцева көшелеріне 27,9 миллион теңгеге түнгі жарық бағаналары орнатылатын болады.

 

К.Әбдіқадыров төртінші және алтыншы көшелеріне  18,3 миллион теңгеге түнгі жарық бағаналары орнатылды.

 

Бірқазан елді мекеніндегі орталық көшеге 11,6 миллион теңгеге түнгі жарық бағаналары орнатылатын болады.

 

Кенттегі Бірлік көшесіне ойын алаң салу үшін 11,2 миллион теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда балалар игілігіне пайдалануға берілді.

 

Қазіргі таңда Орталық көшеге қайта жаңғырту жұмыстарына, жеті көшеге түңгі жарық бағаналарын орнатуға, үш көшеге жаяу жүргіншілер жолын салуға, сегіз көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылып отыр.

 

Кенттегі он екі көшеге (Есмаханов, Т.Әбуов, А.Мәлікаждар, Путейцева, пер.Путейцева, С.Ыбырайұлы, Зеленая, Қ.Шохаманов, Әбдіқадыров тұйығы, Әбдіқадыров №5, Әбдіқадыров №1, Әбдіқадыров №9) электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына қалалық бюджеттен 6,5 миллион теңге бөлініп, қалалық құрылыс бөлімі арқылы жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

 

Кентте он бір дана электр трансформаторы орнатылған (электр желісінің ұзындығы 32,1 шақырым). 

 

Кенттегі сегіз көше (9137 метр) түнгі жарықпен жарықтандырылып, жыл көлемінде жанып тұруы мен күтіп ұстауға қалалық бюджеттен 8,2 миллион теңге бөлінді.

 

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША:

 

Кентте  464 шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасайды ( Олар: жауапкершілігі шектеулі серіктестік 42, дара кәсіпкерлер 399,  шаруа қожалықтары 21). Мәлімет үшін: оның ішінде, нақты жұмыс жасап тұрғаны 464 нысан, яғни 100 пайызы жұмыс жасап, кәсіпкерлер тарапынан салық 100 пайыз   түсіп тұр.  

 

2023 жылы 127 кәсіпкерлік субъекті тіркеліп, 139   тұрақты  жұмыс орны ашылған.

 

2024 жылы бірінші қарашасына  92 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 96 тұрақты жұмыс орны ашылған.

 

2024 жылы жалпы құны 1 821,5 миллион теңгені құрайтын 24 жоба қаржыландырылды.

 

2024 жылы «Бизнес-Бастау» бағдарламасы аясында он сегіз тұрғын оқу курсын аяқтап, қайтарымсыз грантқа өтініш берсе, сегіз тұрғын  грант иегері атанған.

 

1)«Қызылорда өңірлік инвестиция орталығы» АҚ арқылы алты пайыз   «Іскер» бағадрламасы аясында жалпы құны 16 миллион теңгені құрайтын төрт жоба; 

 

(ЖК Сапаров- шаштараз ісі, үш миллион теңге ЖК Еңсепов – ТЖО бес миллион теңге, ЖК Досмамбетова – жылыжай құрылысы бес миллион теңге, ЖК Алмаханова- жартылай фабрикат өндірісі үш миллион теңге).

 

2) «Аграрлық несие корпорациясы»   АҚ  арқылы «Іскер»  бағдарламасы аясында алты пайыз  несиеге жалпы құны бес миллион теңгені құрайтын бір жоба;

 

(ЖК Бекишев – жылқы басын көбейту бес миллион теңге).

 

3) «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы құны 1 752,0 миллион теңгені құрайтын алты жоба қолдау алған. 

 

(Марал-Нұр ЖШС – Депо құрылысы бір миллиард 555 ,6 миллион теңге, ШҚ Кзо Ет- ет өнімдерін өндіру 23,3 миллион теңге, ЖК Ешниязова- айналым қаражатын толықтыру 3,7 миллион теңге, ЖК Ескалиев айналым қаражатын толықтыру 50 миллион теңге, Сыр Елі логистик ЖШС айналым қаражатын толықтыру 100 миллион теңге, Әлем Қызмет Групп ЖШС айналым қаражатын толықтыру жиырма миллион теңге).

 

4) «Байқоңыр ӘКК»  АҚ арқылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы құны 31,8  миллион теңгені құрайтын төрт жоба қаржыландырылды.

 

(ЖК Абылаев – брусчатка өндірісі 8,5 миллион теңге, ЖК Таджимбетов - пластик цехы 9,2 миллион теңге, ЖК Маусынбаева – ағаш шеберханасы 4,9 миллион теңге, ЖК Ахметов – асыл тұқымды уақ (мал зааннен ешкісі, ғисар қойы 9,2 миллион теңге).

 

5) Бес миллион теңгеге дейін инновациялық грантты 4,9 миллион теңгеге бір жоба қаржыландырылды.

 

(ЖК Ишанова Мархаббат – ұлттық аспаптар жасау (домбыра) шеберханасы 4,9 миллион теңге грант ұтысының иегері).

 

БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША:

 

Кенттегі №189 және №145 орта мектепте 868 оқушы білім алуда 

 

КЕНТТЕГІ ХАЛЫҚ САНЫ МЕН ТАБИҒИ ӨСІМ БОЙЫНША:

 

2024 жыл – 4779 адамды құраған.. Еңбекке қабілетті тұрғындар саны – 2180 адам Жұмыссыздар саны – 2023 жылы 44 адам оның 30 ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған.

2024 жылы 39 адам оның 34 ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған, жұмыссыздық деңгейі 1,6 пайыз.

 

 Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны – 422 адам Тұрмысы төмен отбасылар саны – 55. Жыл басынан бері туылғандар саны – 54 Зейнеткерлер – 336 адам.

 

Қызылорда қалалық әкімдігі