Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң бойынша семинар – кеңес өткізілді
Ai-news.kz. Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Имаш Дәулет және Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Ержанұлы Сәдірдің қатысуымен ауданның бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа Заңның нормаларын түсіндіру мақсатында көшпелі семинар-кеңес өткізілді.
Оған облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері, бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандар қатысты.
Семинар-кеңестің бағдарламасына сәйкес облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы мен ішкі аудит департаментінің қызметкерлері семинарға қатысушыларға 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа Заң мен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын қағидалардың нормаларын түсіндіріп, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажет екендігін ескертті.
Іс-шара барысында қатысушылардың жұмыс барысында кездесетін мәселелері мен ұсыныстары тыңдалып, жаңа Заңның нормаларына қатысты қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар беріліп, өзара пікір алмасты.