Ауыл спортшыларының облыстық «Алтын күз» спартакиадасы өз мәресіне жетті

108

Ai-news.kz Бірнеше күнге созылған ауыл спортшыларының облыстық «Алтын күз» спартакиадасы өз мәресіне жетті.

 

Жалпы командалық есепте Сырдария ауданы үздік үштікті қорытындылап, үшінші орынға табан тіреді. Дәстүрлі ХХХVІІ облыстық спартакиаданың қорытынды рәсімі аудандық мәдениет үйінде өтті. Ауқымды іс-шараға облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқарма басшысының орынбасары Жігер Айекешов, аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев қатысып, жеңімпаз командаларды марапаттады. Спорт – саламатты өмір салтының ажырамас бөлігі. 

 

Бүгінде Ел Президентінің тапсырмасымен, Үкімет және облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен Сыр елінде спорт саласында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұқаралық спорт – ұлт саулығының кепілі. Дәстүрлі түрде өткізілетін «Алтын күз» спартакиадасы биыл Сырдария ауданында өз деңгейінде өтті. Спортшыларымызға арнайы алғыс білдіріп, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз, – деді спорт және туризм басқарма басшысының орынбасары. Өз кезегінде жеңімпаз командалар мен үздіктер марапат төрінен көрінді. 

 

Жалпыесептік қорытынды бойынша І орынды Шиелі ауданы жеңіп алды. ІІ орын Жаңақорған ауданына бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынды Сырдария ауданының спортшылары қанжығалады. Спорт — физикалық белсенділік, бәсекелестік, және ойын элементтерін қамтитын қызмет. Спорттың түрлі түрлері мен форматтары бар, және олар мәдениет, қоғам, және жеке дамуға үлкен әсер етеді. Спортшылар облыстық спартакиадада спорттың 16 түрінен бақ сынады. Оның ішінде баскетбол, волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, бес асық, асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат, көкпар, гір спорты, қол күрес, үстел теннисі, президент көпсайысы, қол добы, аударыспақ, теңге ілу, көрмеге тартылу спорт түрлері бойынша бақ сынады. 

 

Аудан спортшыларының жекелей спорт түрлерінен де көрсеткіші жақсы болды. Облыстық спартакиадаға облысқа қарасты жеті ауданнан 1000-ға тарта спортшы қатысты. Айта кетейік, келесі жылы облыстық спартакиада алауы Жалағаш ауданында жағылатын болады. Салтанатты жиында аудан спортшылары спартакиада жалауын Жалағаш ауданының спортшыларына табыстады. 

 

Спорттың осындай артықшылықтары оның адамның жалпы денсаулығына, өмір сапасына, және психологиялық жайкүйіне теріс әсер ету мүмкіндіктерін төмендетеді. Спортпен шұғылдану — бұл денсаулықты сақтау мен нығайту үшін тиімді құрал!