Кешегі казарма - бүгінде орталық
306

Негізінен ғимарат ХІХ ғасырдың аяғы, яғни 1884 жылы Орынбор генерал губернаторлығының тапсырысымен күйдірілген кірпіштен салынған. Басты есебі бойынша нысанның ұзындығы 62 метр, ені 14 метр.
Ал, тарихына келсек, ғимаратта 1884-1920 жылдары әскери казарма, 1920-1990 жылдары әскери комиссариаттың шақыру пункті орналасса, 1990-2005 жылдары бос тұрған. Тек 2005 жылы реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, 2014 жылға дейін Қызылорда облысының мәдениет, тілдерді дамыту, құрылыс, қала құрылысы және сәулет басқармалары және Қызылорда облыстық ескерткіштерді қорғау мекемесі орналасты. 2014 жылы ғимаратта Көркемсурет галереясы ашылды. Қазіргі таңда ғимарат Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы КММ-нің теңгерімінде.