Сырдария аудан әкімі мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

135

Ai-news.kz. Бүгін Сырдария аудан әкімі Берік Сәрменбаев ұлттық мереке – Республика күніне арналған Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. 


«Парасат» алаңында өткен іс-шараға зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.


Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтеріліп, Мемлекеттік Әнұранымыз шырқалды.


Айта кетейік, Ұлттық мерекені Республика бойынша ресми түрде атап өту Мемлекет басшысының қатысуымен салтанатты түрде Мемлекеттік Ту көтеру іс-шарасынан басталды. Сонымен қатар, аймақ басшысының қатысуымен Сыр өңірінде Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.