Таза елдің жаны да таза

404
Ai-news.kz. Бүгін “Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында қаланың әр аумағында санитарлық тазалық, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Үйдің тазалығы іргесінен , ауласынан көрінеді . Ал , таза көше мен саябақтар елдің айнасы іспетті .Қоршаған ортасы таза елдің жаны да таза . Осындай мысалдарға толы  "тазалық " сөзінің мағынасы терең . Жеке тазалықтан  бастап,  қоғамдық тазалыққа дейінгі әрекеттердің барлығы адамның шынайы ниетімен жасалатын дүние.
Тазалық жұмыстарына 125 мекемеден 1615 адам атсалысты. Сквер-аллеялар, көпқабатты тұрғын үй аулалары, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың аумағы мен көшелердің бойы тазартылып, 150 м3 қоқыс шығарылды. Оған 41 техника жұмылдырылды.