Қызылордалықтар V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегерін күтіп алды
Ai-news.kz. Қызылордалықтар V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдегерін күтіп алды.
Әлем халқы көз тіккен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары тәмамдалды. Алты күнге созылған бәсекені Қазақстан 114 медалмен аяқтады. Ел қоржынына жүлде салған спортшылар қатарында Сыр елінің мақтаныштары да бар. Соның бірі - Назерке Әбілтаева.
Дүбірлі додада белбеу күресінен сынға түсіп, қола жүлдеге қол жеткізген спортшы ару бүгін Сыр еліне оралды.
Қызылорда теміржол вокзалынан күтіп алуға облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов пен Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Смағұлов арнайы барды.
26 елден 250 спортшының қатысуымен өткен жарыста 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлдегер атанған Назерке Зауытқызына басқарма басшысы Жанмұрат Жақсымұратұлы шынайы алғысын білдірді.