Қазалылық елу ардагер туристік саяхатқа аттанды

92

Ai-news.kz. Қазалы ауданының елу ардагер туристік саяхатқа аттанды. 


«Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» дегендей, қарттарын ардақтай білген елдің ғана рухы үстем болмақ.

 

Кеше Қазалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен халық батыры әрі әулие бабамыз Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдығы аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына еңбек сіңірген аға буын өкілдері – ардагерлер қауымы түркі халықтарының рухани астанасы – Түркістан қаласына туристік саяхатқа аттанды.


Саяхаттаушылар қатарында ауданға қарасты кент, қала және барлық ауылдық округтердегі еңбек ардагерлері, көпбалалы зейнеткер аналар, білім, мәдениет салаларының ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері бар.


Аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жәнібек Алиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов ардагерлерді шығарып салу рәсіміне қатысып, оларға сәт сапар мен жақсы демалыс тіледі.