ТАУ ТҰЛҒАЛЫ ҚАЙРАТКЕР

113

Ai-news.kz. Бүгін Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысы ардагері, қоғам қайраткері, адалдық пен шыншылдық, еңбекқорлық пен ізденімпаздық, мейірім мен кешірімділік сынды қастерлі қасиеттердің иесі, халқына риясыз қызмет еткен Ғафур Мұхамеджановтың туғанына 100 жыл толуына орай  «Тау тұлғалы қайраткер» атты көрме ашылды. 

Шараға Ғафур Мұхамеджановтың ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, шәкірттері, қала тұрғындары, ЖОО орындарының студенттері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Көрмеге Ғафур Мұхамеджановтың өмірі мен қызметі жайлы суреттері, құжаттары, наградалары, жеке тұтынған заттары қойылды.
Көрмені ашу құрметі қоғам қайраткері, саяси ғылымдарының докторы, профессор Бәкір Әбдіжәлел Қошқарұлына және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Қайруллаев Қорғанбек Қайруллаұлына берілді.  
Сондай-ақ, Ғафур Мұхамеджановтың  өмірі мен қызметі жайлы достары, шәкірттері жылы лебіздерін білдіріп, қайраткердің қызы Әлия Мұхамеджанова әкесі жайлы  естеліктерін айтты.



Copyright © 2023. «Ай-News.kz» - ақпарат агенттігі. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.
Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.