Дүниежүзілік қан донор күніне орай қан орталығында акция өткізілді
73
Кызылорда қаласында облыстық қан орталығында14 маусым Дүниежүзілік қан донор күніне орай акция өткізілді.
Акцияға ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" мекемесі қызметкерлері мен тұрақты қан донорлары, филиал еріктілері қатысты. Барлық қатысушы саны 110, қан доноры болған 93 адам. Бүгінгі акцияға қатысқан қан донорларына алғысымызды білдіреміз, - деді Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамы қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының директоры Абзал Байманов.