ҚАЗАЛЫДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА БІРҚАТАР КӨГАЛДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
204
Елішілік шараның үшінші аптасы - «Жасыл аймақ» бойынша аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту көзделген.
Осыған сәйкес аудан орталығында көгалдандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Әйтеке би кентінің жасыл аймағын ұлғайту мақсатында күнделікті ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек, «Жасыл аймақ» апталығы басталғалы бері орталықтағы сквер, саябақ, аллеяларда көпжылдық, біржылдық гүл түрлері отырғызылуда.