Қазалы ауданында «Құқықтық тәртіп» жалғасуда

108

Ai-news.kz  Қазалы ауданында ағымдағы жылдың 15-17 наурыз аралығында аудан көлемінде көшелер мен қоғамдық орындарда құқықбұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау.

Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды жүзеге асырады.

Іс-шара барысында жалпы 140 құқықбұзушылық орын алды. Соның ішінде ҚР ӘКБтК 440-бабымен 10 масаң күйде қоғамдық орында жүру, 4 ұсақ бұзақылықтар, 11 жаяу жүргіншілердің белгіленбеген орыннан өту, құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан халқы түсіністік танытып, заңға қарама-қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз.


Copyright © 2023. «Ай-News.kz» - ақпарат агенттігі. Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Сайт жобасын дайындаған «ToWeb.kz» компаниясы. Сайтқа тапсырыс беру

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.
Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.